
03 Наурыз, 2016
2013
Жарқын мереке және депортацияны еске алу
«Қоғамдық келісім» мекемесінің мәжіліс залында «Үлкен ел – үлкен отбасы – Мәңгілік Ел» атауымен Алғыс айту күні мен қарашай және балқар халықтарының депортациясына арналған іс-шаралар өтті. Іс-шараны «Эльбрус» қабарда-балқар және қарашай-черкес ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов, Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту мектебінің директоры Ербол Ризаұлы Айтқұлов, сондай-ақ этнос өкілдері мен жастар қатысты.
Іс-шара басында сол жылдардағы трагедиялық оқиғалар туралы деректі фильм көрсетілді. 1944 жылғы сегізінші наурыз күні балкар халқы зорлықпен Орта Азия және Қазақстанға жер аударылды. Мұрағат деректеріне сәйкес, Iшкі істер халықтық комитетінің (НКВД) әскери солдаттары 37 мың 713 балкар тиелген (оның ішінде 52%-ы балалар және 30%-ы әйелдер болған) 14 эшелонды шығыс бағытына жер аударып жібереді. 1948 жылы жер аударылғандардың ішінде 27,8%-ы қаза тапты. Дәл осындай жағдайға Солтүстік Кавказдың басқа да халықтары, соның ішінде қарашай халқы да ұшырады. Барлығын Нальчиктағы темір жол бекетінен аттандырған. Жолда жабдықталмаған вагондарда өткен сапарда 24 күннің ішінде 562 адам қайтыс болды.
Қабарда-балкар және қарашай-черкес этномәдени бірлестігінің төрайымы Мария Алботовна Байрамкулова жиналған барша қонақтарға өз отбасының депортацияны қалай басынан өткізгенін айтып берді. «Сол кезде халқымның қатты соққы алғаны әрқашан біздің есімізде қалады. Тірі қалған адамдар - тек қазақ халқының арқасында ғана тірі қалды. Анамның «бизни қазақлыла сау қойғандыла» деп айтқан айтқан сөзі әлі есімде. Оның аудармасы – «Бізді қазақтар құтқарды». Бұл сөз тек біздің отбасымызда ғана емес, мыңдаған адамдардың, мыңдаған отбасылардың есінде. Біздің отбасында 11 бала болды, барлығымыз тірі қалдық.
Күннің аязында, қазақтар өз аттарымен келіп, вагондардан үстерінде киімі жоқ жартылай жалаңаш адамдарды мінгізіп, өздерімен алып кетті. Егер өздері бір бөлмеде тұрса, оның жартысын, ал егер көп бөлме болса, бір бөлмені толығымен беретін. Бұл түнде болған оқиға. Ал таңертен тұрғанда тұман болды. Кавказ ақсақалдары әдеттегідей бір жерде жиналды. Кейбірі сұрап жатты - «мында каяла болмазла?, корюнмейдиле» - «мында, бәлкім, таулар жоқ шығар?», ал кейбірі «таулар бар, бірақ, оны тұман жауып тұр» деп жауап беріп жатты – осылайша бір-бірін жұбатты. Сол күні таңертең олар «кім тірі?», «қайда жайғастыңдар?» деп сұрамай, ең алдымен «мұнда тау бар ма?» деп сұрады деп анам айтатын. Бұл адамдарды жақсы көрмегендіктен емес, таулар олар үшін тірі жандар сияқты болғаны іспеттес» - деді қонақтарға Мария Алботовна. Сондай-ақ, ол жастарға – нағыз патриоттар өз жерін, өзенін, көлін, теңізін, тоғайын және Ұлы даласын сүюге міндетті, себебі олар да таулар сияқты жаны бар», деп ақылын айтты.
Павлодар облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов Мария Алботовна Байрамкулова басқарып отырған этномәдени бірлестікке Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтап, патриоттық тәрбие беріп, ұлт бірлігін дамытқаны және қоғам өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді. Этномәдени бірлестіктің жастары мен мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Жастар, өз кезегінде, «Куанч» вокалдық тобының орындауындағы «Арбаз» әнімен, «Алан» хореографиялық ансамблінің орындауындағы «Кафа» мен «Байрам» - ескі заманғы дәстүрлі халықтық биімен, «Домбай» вокалдық тобының орындауындағы «Алан журтум» әнімен концерттік бағдарламаны ұсынды. Ал «Минги Тау» ансамблі қыздардың ұлттық биі «Шоана» биімен қуантты. Іс-шараның соңында «Куанч» вокалдық ансамблі және Қанат Даржұман атындағы ұлттық жаңғырту мектебінің оқушылары «Бір үйдің баласындай» әнін орындап берді.
Мақсат Айтпаев
Смағұлова Назыгүл
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
-
ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ВЕЛОСИПЕДШІ ХУРСАНД ШЕРОВ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ БАТЫРЫ МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТТІ
-
«Expo» көрме орталығындағы этноауылда Наурыз мерекесі өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті