
29 Қараша, 2017
3040
«Жарасым» республикалық жастар ұйымының іс-шаралар топтамасы
2017 жылы 28 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымы Алматы қ. әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Жастар қауіпсіз қала үшін», «Қоғамдық сананы жаңғырудағы жастардың рөлі», «Қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі» тақырыптарында дөңгелек үстел мен «Көшбасшылық. Команда. Байланыс. Өзін-өзі басқару» семинар-тренингін өткізді.
Іс-шара аясында флешмоб, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы спикерлерінің сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.
Іс-шараға Балғымбаев Назар Албанұлы – Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі, Салтанат Азирбек – Алматы қ. ІІД баспазөз-хатшысы, Кан Георгий Васильевич – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі, ҚХА Кеңесінің мүшелері, Алматы қ. ҚХА мүшелері, «Жарасым» РЖҰ мүшелері, ЭМБ жастарының көшбасшылары, ЖОО-дағы «Жарасым» клубтарының көшбасшылары, жас блогерлер және БАҚ қатысты.
Іс-шара Балғымбаев Н.А. алғы сөзінен басталды. Өз сөзінде ол жастар кез-келген елдің қозғайтын күші болғанында тоқтап, мемлекеттің кез-келген бастамасын жылжытуға зор әсерін тигізетіндер – жастар екендігіне ерекше көңіл бөлді.
Содан кейін, баяндамаларымен Салтанат Азирбек, Кан Г.В., Осман Аслы Алиевна – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғамдық қайраткер, Кайрыев Рустам Абдусаламович – ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖҰ төрағасының орынбасары сөз сөйледі. Баяндамалардан кейін, еркін талқылау басталды. Дискуссиядан кейін қатысушылар кофе-брейкке шақырылды.
Әрі қарай, бағдарлама бойынша жастарға арналған «21 ғасырдағы көшбасшы, қандай қасиеттерге ие болу керек» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингті Алматы қ. қоғамдық кеңесінің мүшесі – Казыбек Шайх жүргізді. Қатысушыларға 21 ғасырдың көшбасшысы қандай касиеттерге ие болуы қажет екендігі түсіндіріліп, нақты үлгілер келтірілді. Сонымен бірге, жастар, көшбасшылықты дамытуға бағытталған, интерактивті ойындарға қатысты.
Содан соң, Казыбек Шайхтің орнына Ахметов Расул – ҚХА жанындағы «Жарасы» РЖҰ төрағасы келіп, қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдауға бағытталған Q-Trend жобасын ұсынды. Тренингке қатысқандардың барлығы сертификаттарға ие болды.
Тренинг соныңда қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдайтын «100 тілек» акциясы өткізілді. Акция барысында, алдын ала дайындалған баннер үстіне 100 астам жастар латын әліпбиінде қазақ тілінің тез дамуына тілектерімен бірге өз қолдарын қойды.
Іс-шаралар топтамасының аяғы қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуді қолдауға бағытталған «Q буынының жастары» атты флешмобпен белгіленді. Флешмоб аясында Алматы қ. көшелері бойымен 120 астам жастар, үстіне Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипі мен #Q жазуы бар жеңіл жейделер мен бас киімдерді киіп, адамдардың көңілің аударып, өтті. Олар Панфилов көшесіндегі жаңа жаяужолдың бойымен Қабанбай батыр көшесінен Жібек жолы көшесіне дейін өтті. Флешмобтың межелі жері Арбатта орналасқан «Рухани жаңғыру» стенді болды. Стенд жанында қатысушылар фотосессияға қатысып, әртүрлі ұлттар өкілдерінің домбырада ойнауын тыңдап, бірге отансүйгіштік өлеңдер айтты.
Дата события ассамблеи: 29.11.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Түркістан облысы