13 Желтоқсан, 2015
880
Жарық пен ізгілік мерекесін атап өтті
2015 жылғы 13 желтоқсан күні оңтүстікқазақстандық еврей этномәдени бірлестігі өкілдері Ханука мерекесін атап өтті. Бұл ежелден келе жатқан мерекенің ең маңызды тұсы – ол, жақсылықтың, жарық пен жылудың нышаны болып есептелетін майшамдарды жағу рәсімі болып табылады.

Ханука – отбасылық мереке. Осыған орай, демалыс күні өткен мерекелік іс-шараға облыстық еврей этномәдени бірлестігінің мүшелері отбасыларымен бірге келді. Ал, бірлестік жанындағы жексенбілік мектептің оқушылары Ханука мерекесіне көптен бері дайындалыпты. Олар мерекелік бағдарламаның міндетті бір бөлігі болып саналатын аталмыш мейрамның шығу тарихынан көрініс қойды. Сонымен бірге, жексенбілік мектеп оқушылары қалалық оқушылар сарайының анимациялық студиясымен бірлесіп дайындаған мультфильм жиылған қонақтарға нағыз мерекелік тарту болды десек артық айтқандық болмас.
«Ханукада бірінен соң бірі жағылған майшамдар секілді, өскелең ұрпаққа көнеден келе жатқан салт-дәстүрімізді жеткізіп, көне халықтың мәдениеті мен әдет-ғұрпы туралы айту – біздің басты мақсатымыз. Сондықтан бұл мерекеде жарық пен от көп болуы керек. Ханука – баяғы заманда орын алған ғажайыптың құрметіне жағылған мыңдаған майшамдарды жағудан басталады. Әрбір келесі жағылған майшам, алдыңғысынан маңызды болып есептеледі. Ол күннен күнге жарықтана түсетін ғажайып құбылыстың символы болып есептеледі»,- дейді еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Атран Эдуард.
Жалпы, іс-шара тиісті деңгейде өткізілді.
ОҚО ассамблея хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-і
Баспасөз қызметінің байланыс телефондары: +7 (7252) 77-05-97, +7 771-137-06-82
Ұқсас жаңалықтар
-
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50