04 Маусым, 2015
1162
Жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстар байқауының өңірлік кезеңі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 1223 Қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарының 18 бөліміне сәйкес 2015 жылдың 6 ақпанында жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың республикалық байқауы жарияланды.

Байқау мақсаты Н.Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін іргерілету мақсатында ғылыми қауымдастықтың назарын аудару, қоғамдық келісімнің тұжырымдамалық үлгісін қалыптастыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, монографиялардың, оқу-әдістемелік құралдарының басылып шығарылуына қолдау көрсету.
Өткізілген байқаудың міндеттері:
- жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;
- дарынды жас ғалымдарды табу әрі қолдау;
- жас ғалымдарды этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу саласына жұмылдыру.
Республикалық байқаудың ұйымдастырушылары:
- ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы;
- Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі.
Байқау 3 кезеңнен тұрды, бірінші кезеңі – Өңірлік байқау, екінші кезеңі – Республикалық сырттай іріктеу, үшінші кезеңі – Республикалық қортынды байқау.
Өңірлік байқаудың ұйымдастырушылары: БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, БҚО Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобы, БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.
10 ақпан мен 1 мамыр аралығында БҚО бойынша жас ғалымдардан этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстар байқауына керекті құжаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.
Өңірлік байқауға ұсынылған жобаларды бағалау үшін 3 облыстық жоғары оқу орындарының әлеуметтік-гуманитарлық пәндерінің профессорлық – оқытушы құрамынан, ғылыми-сарапшылық топ мүшелерінен және БҚО Қазақстан халқы ассамблеясы жастар қанатынан Жергілікті бағалау комиссиясы құрылды.
Өңірлік байқауға қатысу үшін 9 жас ғалымның жұмысы ұсынылды, олар:
1. «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы»;
2. «Болашақ педагогтардың этникалық толеранттылығын қалыптастыру»;
3. «Тренинг центр для студентов обучающихся по академической мобильности»;
4. «Студент жастардың этносаралық толеранттылығын қалыптастыру мәселесі»;
5. «Толерантность как духовная основа казахского менталитета»;
6. «Студент жастарда этносаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру»;
7. «Казахстан и безопасность в Центральной Азии»;
8. «Толерантность как основа стабильности межнациональных отношений»;
9. «Ассамблея – институт консолидации многонационального народа Казахстана».
Ұсынылған 9 ғылыми жоба республикалық деңгейдегі ұйымдастырушылар әзірлеген әдістеме негізінде бағаланып, жергілікті байқау комиссиясының іріктеуінен өтіп, республикалық сырттай іріктеу кезеңіне Батыс Қазақстан облысы атынан 3 жұмыс жіберіліп отыр.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ – інің
сараптама – талдау бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды