Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Тамыз, 2016

1373

Жас аналарға «Ақ орамал» сыйлады

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде  «Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз!» деп айтылған.

Бүгін Елбасымыздың манифесін қолдау мақсатында және «Ақ орамал» акциясы шеңберінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Маңғыстау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-сі өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп, облыстық перинаталдық орталығында жаңа босанған аналарға ақ орамалдар сыйлау іс-шарасын өткізді.

«Қоғамдық келісім» КММ-сінің басшысы Джайлханова Амангүл Әбдіғалиқызы іс-шараға қатысушыларға «Ақ орамал» акциясының мақсаттары мен міндеттерін түсіндіріп өтті. Қоғамның барлық мүшесінің және әрбір азаматының бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына бірдей жауапкершілігін сезінуі керек екенін айтты. 

Арнайы шақырылған құрметті қонақ - өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығының басшысы, облыстық мәслихаттың депутаты  Жақаева Сәуле Бердіханқызы жас аналарды құттықтап, болашақ ұрпаққа лайықты тәрбие беру, бейбітшілік өмірді сақтау – аналар алдындағы маңызды парыз екендігін жеткізді.

Жүректері қуанышқа толы жас аналарымыз ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Отанымызда бейбітшілік пен татулықты сақтауға өз үлестерін қосатындарын айтты.

Іс-шара соңында, қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ-сінің тапсырысы бойынша дайындалған буклеттер, жапсырмалар, ҚХА және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы логотиптері бейнеленген бас киімдер мен футболкалар таратылды.

МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай