21 Желтоқсан, 2017
1712
Жас аналар клубының ашылуы.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы аналар Кеңесінің бастамасымен, Көкшетау қаласының №6 «Нұрай» балабақшасында жас аналар клубы ашылды.
«Өз баласының тұлғалық дамуына қажетті ақпараттарды дұрыс таңдап, өмірде қолдана білу ісінде ата-аналарға ақпараттық және тәжірибемен тексерілген көмек қажет, осы ретте аналар кеңесінің орны ерекше», - дейді балабақша меңгерушісі Айгүл Маментикова. Жас аналар клубының жұмысын ұйымдасырудың негізінде жатқан мақсаттар: баланы тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың педагогикалық мәдениеттерін арттыру, отбасы тәрбиесінің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналар ұжымын біріктіру, дәстүрлер мен құндылықтарды сақтауға бағытталған отбасы институтының жұмысын жетілдіру саналады.
ҚХАА-ның жанындағы аналар Кеңесінің төрайымы Зере Қиықова іс-шара қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде: «Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесі ол – ең алдымен жас отбасыларға қатысты сұрақ болып есептеледі. Көптеген жас отбасылар баланың балабақшадағы өмірі мен оның психологиялық дамуының заңдылықтарын жетік біле қоймайды. Сондықтан да аталмыш жас аналар клубын құру және оның жұмысын бұдан әрі дамыту, жас ата-аналар мен кәсіби маман есептелетін тәрбиешілердің бірлесе, хабарласа отырып жұмыс істеуіне, өзара тәжірибе алмасуына жол ашады», - деп атап өтті.
Жас аналар клубының төрайымы болып Айгерім Белгімбаева тағйындалды. Іс-шара одан әрі «Нұрай» балабақшасының тәрбиеленушілері қойған шағын концертпен жалғасты.
Дата события ассамблеи: 21.12.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
29 Тамыз, 19:37
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
вчера, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый