Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Маусым, 2016

1289

"ЖАС ҚАНАТ" ЖАСТАР ҰЙЫМЫНА ЖАҢА ТӨРАЙЫМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Маңғыстау облысында 2015 жылдан бастап ҚХА «Жас қанат» жастар ұйымы жұмыс істейді. Ұйым қызметінің бастауында еріктілер саны шамамен 50 (елу) адамнан тұратын, ал қазіргі күнде олардың саны жүзге жетті. Бұл статистикалық мәліметтер жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға үлкен қызығушылығы бар екенін көрсетеді.

Өткен жылы «Жас қанат» мүшелері алғашқы отырысында келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқыланды. Сондай-ақ, іс-шара барысында, жастардың бірауыздан қолдауымен жастар ұйымының төрағалығына Сторожук Андрей сайланған болатын.

Жыл бойы ол жастармен бірге жемісті жұмыс атқарып, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына белсенді қатысты.

Ағымдағы жылдың 21 маусымында жастар «Жас канат» ұйымының жаңа төрағасын қайта сайлау жиналысын өткізді. Әрбір жас ұйымның жұмысын жақсарту мақсатында өздерінің көзқарастарын, идеяларын және ұсыныстарын білдірді. Содан кейін бірауыздан дауыс беріп, «Жас қанат» жастар ұйымының төрағасы, РҚБ Ақтау филиалының «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» өкілі  Айтпаева-Ким Юлия тағайындалды.

Юлия қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. 2015 жылдың сәуір айында Астана қаласында өткен «Мәңгілік ел: Бір ел - бір тағдыр» Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессияна қатысты.

Төраға орынбасарлары болып Чебаков Андрей («Қазақ тілі» қоғамының өкілі) и Садыкин Ян («Русское землячество» қоғамының өкілі) сайланды.

 

 

Кейін қарай