Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Тамыз, 2018

1156

жас көшбасшылар өз қатарластарын табысқа жетелейді

«Арман дала» балаларды сауықтыру орталығының аумағында Қазақстан жастары және Ресей, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген қонақтар үшін ұйымдастырылып жатқан «Бірлік» Халықаралық лагерінде екінші кездесу өтті: жас көшбасшылар, Қазақстанның «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары — режиссер-сценарист Әзиз Заиров, «Әдемі-ай Plus» компаниясының президенті Бахаргүл Төлеген, Қ. И. Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗИ, Қазақстан-Британ Техникалық Университетінің сениор-лекторы Хадичахан Рафикова, физика, ақпарат, математика, саласында 28 патенті мен авторлық құқығы бар жас өнертапқыш Тимур Рыспеков.

Шақырылған спикерлер өздерінің табыстарымен бөлісіп, өз өмірлері жайында айтып берді. Сондай-ақ олар осы секілді кездесулердің маңызын, жастардың бүгінгі күндегі мүмкіндіктерін, жалпы елдің даму келешегін атап кетті. 

Аталмыш лагерьдің аясында республиканың әр аймағынан, көршілес елден келген жастар жай ғана пікір алмасып қана қоймай, бұдан әрі өзара қатынас орнату, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының, өздеріндегі этномәдени бірлестіктерінде шара ұйымдастырып өткізу тәжірибесін алу мүмкіндіктерін қарастырды.  

«Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысын құрудағы басты мақсат Қазақстандағы жастардың басын қосу ғана емес, өзара қарым-қатынаста болу, шаралар өткізу, ел игілігіне жарайтын тәжірибелермен алмасу екені белгілі еді.

Күн тәртібіндегі бағдарлама барысында қозғалыстың өңірлік өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, алдағы уақыттарға жоспарларымен бөлісті.

Астана қаласындағы «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары Анастасия Тимощенко-Боровикова Қазақстан халқы Ассмаблеясы жастар қозғалысының қызметі туралы баяндап берді. Сонымен қатар қозғалыстың ірі жобасы — «Ұлы Дала елінің қасиетті мұралары» жобасы туралы кеңінен тарқатып кетті.

Бірінші кезең Ұлы Отан соғысы күніне орай 2018 жылдың 5 мамырында бастау алды. Өтікізілген 174 шара 38 адамды қамтыды. Сонымен қатар «Қамқор» акциясы бір реттік емес, ол жыл бойы өткізіліп тұрады. «Болашақ үшін естелік» халықаралық форум аясында өткен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тағзым» акциясы 30 мамырда іске қосылды. Үшінші кезең әр аймақтағы жастарға қасиетті жерлерді зерттеуде тек қана өз аймағын ғана аралап қоймай, көршілес елдерің шекарасын, Қазақстанның сұлу тарихи жерлерін зерттеп көруге мүмкіндік беруімен қызықты.

Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының қозғалыс өкілдері өз аймақтарында аталған жоба аясында жасалған жұмыстар туралы баяндап, фотоесеп ұсынды. Бұдан бөлек жастар қозғалысының қолдауымен өткізуге болатын басқа да акцияларды ұйымдастыру идеяларымен бөлісті. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз. 

 

Дата события ассамблеи: 30.08.2018

Кейін қарай