17 Қыркүйек, 2015
771
Жас кәсіпкерлерге арналған START
2015 жылдың 17 қыркүйегінде Жамбыл политехникалық колледжінің мәжіліс залында «StartupNomadTour» шеңберінде Қазақстанда жас кәсіпкерлер клубы «Global Enterpreneurship Week» негізін қалаушы және арнайы өкілі П.Коктышевпен кездесу өтті.

Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құралған «Ақ желкен» жастар лигасының кәсіпкерлікті жаңадан бастаушылары ұйымдастырды.
«Startup Nomad Tour» мақсаты жастардың бейімділік қабілеттерін қалыптастыра отырып, жоғарғы технологиялық нарықта инновациялық шешімдерді іздестіру болып табылады. Және өңірдегі талантты жастар мен ғалымдардан, кәсіпкерлерден, инвесторлардан, технопарк өкілдерінен, алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарынан және ғылыми институттардан тұратын старап-қауымдастықтарды қалыптастыруға ықпал жасайды.
«Бизнес маркетингтен, нарықты зерттеуден және тұтынушыларды іздестіруден басталады» дейді П. Коктышев.
Кездесу барысында тегін семинар-тренингтер, пікір алмасулар және шеберлік кластары өткізілді. «Ақ желкен» жастар лигасының жетекшісі жеке кәсіпкер З.Махусеев өз сөзінде ісін жаңадан бастаушылар тарапынан жеке бизнес ашу мәселесіне деген қызығушылық жылдан-жылға артып келе жатқанын айтты. Осыған орай оларды үйрету үшін кәсіби, тәжірибесі мол мамандарды көбірек қамту аса қажет болып отыр. Біздің ынтымақтастығымыз аймағымызда кәсіпкерліктің жаңа мүмкіндіктерін ашуға себебін тигізеді деп ойлайтынын атап көрсетті.
Тренинг қорытындысы бойынша нарық кезеңінің талабына сай үздік жоба деп танылған жас кәсіпкерлер ғаламдық кәсіпкерлік апталығы шеңберінде өтетін старт-аптар жәрмеңкесіне шақырылады.
Бағдарламаға қатысушылардың барлығы MOST бизнес-инкубатордың базасына енгізіледі. Осы базаның арқасында олармен кері байланыс орнатылады. Сонымен қатар барлық жобалар Venture Club халықаралық алаңына енгізіліп, кәсіптің үздік шеберлері бұл жобаларды қарап, қажетін инвестиция жасауға алады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:17
Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті
20 Тамыз, 19:03
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында ЖОО-ның Студенттік Ассамблеясы ашылды.
22 Тамыз, 16:05
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
20 Тамыз, 18:23
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті