11 Мамыр, 2016
823
Жас спортшы жерлестер Сочиде
Сочи қаласында ағымдағы жылдың 23-29 сәуірі аралығында өткен Олимпиадалық саябақ аумағындағы қалашықта ІІ бүкіләлемдік жас отандастар ойыны болып өтті. Бұл іс-шараның басты мақсаты Ресей аумағынан тысқары тұратын отандастармен жақынырақ қарым-қатынаста болу, байланысты үзбеу болып табылады. Басты ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасындағы «Ресей ынтымақтастығы» өкілдігі мен Ақмола облысының орыстары қауымдастығы болып табылады.
Сочи қаласына балалар және жасөспірімдер спорттық ойындарымен шұғылданатын 46 мемлекеттен жиналған 600-ге тарта бала келді. Салтанатты іс-шара Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан адлерлік жауынгерлер рухына бас иіп, ескерткіштеріне гүл шоғын қоюдан басталды. Германия, Беларусь мемлекеттерінен келген делегация мүшелері зұлмат соғыстың қасіретін айтты. Ақмолалық құрама команда ескерткішке гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Жас споршыларға арнап Роза Хутор курортына арнайы саяхат жасалып, балалар таудағы арқанмен тартылған теміржол арқылы биік шыңдардың біріне көтерілуге мүмкіндік алды.
Ақмола облысынан барған қазақстандық құрама команда мини-футбол және суда жүзуден 46 мемлекеттің ішінде 14 орынды иеленді.
Сайыс соңында спортшыларға салтанатты түрде жүлделері табысталып, ән мен биден шашу шашылды.
«Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз орталығы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті