Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Желтоқсан, 2015

881

Жас спортшыларға арналған мерекелік концерт

2015 жылғы 22 желтоқсанда «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қоры Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыстық спорт басқармасы, «Мейірім шауғы» облыстық волотерлық қозғалысы, ҚХА жанындағы облыстық аналар кеңесі, Ирина Буристің мерекелік агенттігінің қолдауымен ҚХА жылы мен «20 игі іс» республикалық акциясы аясында спортта жетістікке жеткен жетімдерге, аз қамсыздандырылған отбасылардың балаларына арналған мерекелік концерт ұйымдастырды.  

Аталмыш іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелер, этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері мен белсенділер қатысты.

Концертке 133 бала қатысты. Мереке барысында ұйымдастырушылар қаладағы барлық спорт секцияларына қатысатын, спорт мектептерінде білім алатын жетім балаларға, аз қамсыздандырылған отбасылардың балаларына тамаша көңіл-күй сыйлады. Балалар тізімін БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы берді. Мерекелік концертте қаланың ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

«Бүгінгі іс-шараға келген балалар келешекте де жетістікке жетіп, табысты азамат болуларына біз тілектеспіз»,- деді өз сөзінде «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының жетекшісі Рада Хайрушева.

Мерекелік концертке келген әр бала облыстық ҚХА мен БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мақтау қағаздарымен марапатталды. Жас спортшыларымызды Еуропа мен ҚР чемпионы, «2015 жылдың спортшысы» аталымының иегері Темірлан Ихсангалиевтің қолтаңбасы бар ашық хаттар қуантты. Демеушілеріміз "AVENCOM" ЖШС, Игорь Спиридонов, Данильбек Саратов, Наджаф Мамедов, Нұғгазы Сатбаев Сатбаевич, Валентина Павловна, «Мейірім шауғы» облыстық волотерлық қозғалысы мен «Аялаған алақан» қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдері де өз сыйлықтарын табыстады.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар үнемі көмек көрсетіп, жақсылық жасайтын жандар мен келген қонақтарға алғыстарын айтты. 

Кейін қарай