
02 Желтоқсан, 2016
2199
Жас суретшілер байқауы
Осы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында елордамыздағы №18 орта мектепте «Біздің отанымыз - Мәңгілік Қазақстан» атауымен жас суретшілерге арналған байқау өткізілді. Аталған байқауға Астана қаласындағы орта мектептердің оқушылары қатысып, өз бақтарын сынап көрді.
Елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамашылығымен өткізілген бұл байқаудың басты мақсаты - жас ұрпақтарды патриотизмге тәрбиелеп, ойлау қабілеті мен шығармашылығын дамыту әрі ынталандыру арқылы олардың танымын кеңейту.
Байқауға қатысушылар төрт топқа бөлініп: 6 және 9 жас аралығындағы, 10 мен 12 жас аралығындағы, 13 пен 15 жас аралығындағы, сондай-ақ 16 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Осылайша, бірнеше апта бойы ұйымдастырушылар жас суретшілердің патриоттық тақырыпқа арналған шығармашылық жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Жалпы, іс-шара барысында келуші қонақтар ашық көрме арқылы байқауға қатысушылардың ең үздік жұмыстарымен танысты.
Байқау қорытындысы бойынша 6 мен 9 жасқа дейінгі аралықтағы санат бойынша 3-орын №81 мектеп-гимназия оқушысы Әдемі Бахытқызына берілді, 2-орынды татар-башқұрт жексенбілік мектебінің оқушысы Камила Брежнева иеленсе, ал 1-орынға лайық ретінде неміс жексенбілік мектебінің тәрбиеленушісі Софья Калашникованың есімі аталды.
10 және 12 жас аралығындағы санат бойынша 3-орынды №65 мектеп-гимназияның оқушысы Ольга Крылова иеленді, №80 мектеп-гимназия атынан қатысқан жас суретші Софья Ивановаға 2-орын берілді және №6 мектеп-гимназия оқушысы Мария Сергиенко 1-орынға қол жеткізді. Сонымен қатар, 13 пен 15 жас аралығындағы санат бойынша 3-орын №67 мектеп-гимназия оқушысы Дильназ Мерекееваға тиесілі болды. Осы санатқа сәйкес, 2-орын №27 мектеп-гимназия оқушысы Нұрай Тапенге берілсе, ал №50 мектеп-лицей оқушысы Әзиза Жүсіповаға 1-орын берілді. 16 мен 18 жас аралығындағы санат бойынша 3-орынға неміс жексенбілік мектебінің оқушысы Виктория Циммерман лайық деп табылды және №2 мектеп-гимназиясының оқушысы Виктория Воронецкая 2-орынды иеленді. Осы санатқа сәйкес, салтанатты рәсімде Шынар Нығметоваға 1-орын берілді.
Жеңімпаздардың ең үздік жұмыстарын біріктірген альбомның тұсаукесері болатынын атап өтеміз. Мұнан өзге, аталған байқауды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті