
28 Қыркүйек, 2016
1837
Жас төгілген лагерь…
Кеңес Одағының шамамен 18 мың әйелдері «Алжир» арқылы өтті.
Дәл осындай атауды 1937 жылы Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола лагері алды. Байтақ еліміздің, түкпір-түкпірінен күйеулері Сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған 62 ұлт пен ұлыстың әйелдері жер аударды. Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің мұрағатында біздің өңірден НКВД Қарлагының Ақмола арнайы бөлімшесіне жіберілген он әйел туралы ақпарат сақталған.
«Алжирда» қарапайым ғана әйелдер емес, сондай-ақ, белгілі қоғам қайраткерлері, шығармашылық және ғылымдағы зиялы қауым өкілдерінің әйелдері жазасын өтеп жатты. Олардың арасында - «Катюша» әнінің бірінші орындаушысы, РСФСР еңбек сіңірген әртісі Лидия Русланова, әнші Булат Окуджаваның анасы - Aшхен Налбандян және болашақ балет примасы Майя Плисецкаяның анасы - Рахил, Қазақстанның тумасы, кеңестік партия қайраткері Тұрар Рысқұловтың әйелі Азиза да болды. Ол жерде контрреволюциялық буржуазиялық-ұлтшыл қызметі үшін айыпталып, 1938 жылы ақпанда атылған Қостанай облысының тумасы, көрнекті қазақ жазушысы-драматург Бейімбет Майлиннің әйелі Гүлжамал Майлина да жазасын өтеді. Бейімбет Майлиннің балалары - Еділ, Мереке мен Рәзия Семейдегі балалар үйіне жіберілді. Гүлжамал Майлина абақтыдан 1943 жылдың мамыр айында бостандыққа шықты. Барақтағы тұтқын әйелдерге өте қиын болды, бірақ оларға отбасы, мен балалардан ажырып қалу, хат-хабар алыса алмау құқығы одан да қиынға соқтырды», - деді «Алжир» саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражай - мемориалдық кешенінің маманы Cая Майлыбаева.
«Қoғaмдық келісім» КММ өткен саяси қуғын-сүргін және «Алжир» тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені қызметкерлерімен кездесуге қатысқан қостанайлықтар мыңдаған әйелдер тағдырының осы фактілерін естіді.
«Келесі жылы, Ақмола облысының Целиноград ауданы Ақмол ауылында орналасқан біздің тарих мұражайына 10 жыл толады. 2017 жылы біз үшін ерекше жыл. Бұл жылы біз Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жарияланған Жарлығының 20 жылдығы мен жаппай қуғын-сүргіндерді қудалауды бастаудың 80 жылдығын атап өтеміз.
Біз қазірдің өзінде осыған орай көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайындықты бастап кеттік. Еліміздің көптеген аймақтарын аралап келіп, біздің ортақ тарихымыздың қорқынышты беттеріне тап болғандардың ұрпақтарымен кездестік. Олардың көпшілігі мұражайдың қорына естелік заттарын әкеліп тұрады. Қиын-қыстау күндер жадымыздан кетпеуі керек, біз жазықсыз қаза болғандарды есте сақтап, ешқашанда қайғылы оқиғалардың қайталануына жол бермеуге керекпіз», - деді мемориалды-мұражай кешені бөлімінің басшысы Лаура Әбдірахманова.
Профессор, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы Дмитрий Легкий бір тарауы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Қостанай облысының тарихы туралы авторлық жинағын мұражай қорына табыс етті.
- Қазақстан мыңдаған кеңестік азаматтары үшін жер аудару орнына айналды. Қазақ халқы өз үйлері мен отбасыларынан айырылғандарға қол ұшын беріп, көмектесті. Қуғын-сүргінге ұшырағандардың, арнайы көшірілгендердің ұрпақтары қазақ жеріне, оның мейірімді, жанашыр халқына үнемі алғыстарын білдіріп, жылдар өтсе де оны мәңгі есінде сақтайды деп, - атап өтті Дмитрий Легкий.
Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келiсiм» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті