
23 Сәуір, 2018
1553
«Жасай бер, Қазақстаным» атты вокалдық сайысы
22 сәуір күні Астананың 20 жылдығы мен Павлодар облысының 80 жылдығына орай Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктернің шығармашылық ұжымдарының арасында «Жасай бер, Қазақстаным» вокалдық сайысы өтті. Іс-шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді.
Байқаудың мақсаты – ұлттық бірлікті нығайтудағы маңызды фактор ретінде мемлекеттік тілді оқыту және көпшілікке тарату, этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдарының шеберлігін жоғарылату. Байқауға Сафронова Юлия – фин-угор этномәдени бірлестігінің, «Вир» неміс бірлестігінің вокалдық тобы, «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық ұжымы, «Ариран» корей бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Чишмя» татар-башқұрт бірлестігінің вокалдық ұжымы, тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі, «Сеспель» чуваш бірлестігінің вокалдық ұжымы, «Маргаритари» грек бірлестігінің вокалдық ансамблі және «Туған жер» финн-уғор бірлестігінің вокалдық тобы қатысты.
«Біздің еліміз гүлдене берсін, Астанамыздың 20 жылдығы құтты болсын, Павлодар облысымыздың 80 жылдығы мерейі асып, осындай жастарымызбен, ұлттарымыз аман-есен боп, тек елімізді мақтан етіп әніне қоса берсін» деп атап өтті өз сөзінде Б.Ш. Максилова.
Байқаудың қорытындысы бойынша Сафронова Юлия, «Вир» неміс этномәдени бірлестігінің қатысушылары, «Чишмя» татар- башқұрт бірлестігінің және «Сеспель» чуваш бірлестігінің белсенді қатысушылары жоғары марапатқа ие болды. «Көрермендер көзайымы» номинация бойынша «Маргаритари» грек этномәдени вокалдық ансамблі марапатталды.
Үшінші орынды «Туған жер» атты фин-угор этномәдени бірлестігінің вокалдық тобы иеленді, екінші орын «Ярило» Славян мәдени орталығының вокалдық тобына бұйырды, ал бірінші орынға «Ариран» корей этномәдени бірлестігінің вокалдық ансамблі ие болды. Тәжік этномәдени бірлестігінің вокалдық шығармашылық тобы гран-при иегері болып атанды.
«Баршаңызды Павлодар облысының 80 жылдығы, Елордамыз Астанамыздың 20 жылдығы мерейтойларымен құттықтаймын. Шығармашылық ұжымдар бүгін өте тамаша өнер көрсетті, қазылар алқасы сайысты барынша әділ бағалауға тырысты. Бірінші кезекте мемлекеттік тілде ән айтылып жатқандықтан, тіл тазалығына ерекше көңіл бөлінді» деді қазылар алқасының мүшесі А. Оралхан.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады