Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Ақпан, 2016

919

Жастар қанатының өкілдерімен болған кездесу-дәріс

2016 жылдың 12 ақпаны күні ҚХА ғимаратында Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншікті қорғау жөніндегі бөлімнің басшысы Тимур Жұбанышұлы Убишевтің облыстық этномәдени бірлестіктердің жастар қанатымен «Қазақстан Республикасында  зияткерлік меншікті қорғаудың  құқықтық аспектілері» тақырыбында кездесу - дәрісі өтті. Іс-шараға ЭМБ жастар қанатының өкілдерінен басқа, облыстық Достық үйінің, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты. Кездесуді облыстық Достық үйі директорының орынбасары   Рысгүл Әділгерейқызы Өтенова  жүргізіп отырды.

Облыстық Достық үйінің директоры   Роза Ерсайынқызы Беркешева кіріспе сөзінде іс-шараның мақсатын тоқталып, барлық қатысушыларға келген қонақты таныстырды.

Тимур Жұбанышұлы  өз дәрісінде екі тақырыптың мәнін ашып көрсетуге баса назар аударды, олар: халықтың құқықтық мәдениетін көтеру және Қазақстан Республикасында  зияткерлік меншікті қорғаудың  құқықтық аспектілері. Құқықтық мәдениет – бұл, ел-жұрттың құқықтық сауаттылығы, адамдардың, заңдарды тәжірибеде пайдалану және қолдану, сотқа, органдарға  және басқа құқық қорғау мекемелеріне құрмет, осы органдардың қоғамдық зұлымдықпен күресіндегі іс-қимылы.

Кездесу барысында авторлық құқық және өнеркәсіптік меншік саласындағы заңнама нормалары, зияткерлік меншік құқығын бұзғандығы үшін жауапкершіліктің түрлері түсіндіріліп, тауарлардың дараландырулары мәселелері талқыланды.  

Кездесу пікірталастық сипатта өтті. Жастар жарыссөзге белсене қатысты, талқыланған проблемалар жөніндегі өздерінің пікірлерін айтып, дәріскерге, сөз сөйлеушілерге сұрақтарын қойды. Т.Ж.Убишев барлық қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, кездесу барысында «Ақтөбе облыстық әкім аппаратының» ММ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Гаухар Құрманалықызы Шерниязоваға, ҚХА жанындағы сотқа дейінгі тексеріс медиаторы  Дәурен Алпамысовқа сөз берілді.

Кездесу соңында модератор Р.А.Утенова іс-шараны қатысушылар мен ұйымдастырушылар атынан Т.Ж.Убишевке қызықты кездесу үшін алғысын білдірді.

   

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»

ММ-нің «Қоғамдық келісім»

КММ-нің баспасөз қызметі

Кейін қарай