Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2017

1764

Жастар қанатының отырысы

8-ші ақпанда Қызылорда қаласы Достық үйінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы жастар қанатының отырысы өтті.

Іс-шара модераторы «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Гүлнар Сәрсенбай болды.

Жастар арасындағы этносаралық достық пен татулықты күшейту, беріктілікті нығайту мақсатында өткізілген іс-шара барысында  қатысушылар Елбасының жақында жариялаған Жолдауына байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар отырыс аясында этносаралық татулық пен толеранттылық тақырыбында «KZOVOL» тренингі ұйымдастырылды. Оны «Перекресток» қоғамдық қорының еріктісі Элина Шафигуллина жүргізді.

Тренинг барысында қатысушылар үлкен қызығушылық танытқан тақырыптардың бірі  «әлеуметтік желілердің жас жеткіншектерге кері әсері мен жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстары» тақырыбы болды.  Теолог, «Ақиқат» қоғамдық қорының төрағасы Марат Нұржанов аталмыш тақырыпты толық аша білді.

Кейін қарай