Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2015

1429

«Жастар арасында толерантты мәдениетаралық және диалог кеңістігін құру» атты жобаның V сессиясы

21-25 қазан аралығында “Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында” “Жастар арасында толерантты мәдениетаралық және диалог кеңістігін құру” атты жобаның V сессиясы өтті.

21-25 қазан аралығында “Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында” “Жастар арасында толерантты мәдениетаралық және диалог кеңістігін құру” атты жобаның V сессиясы өтті.

Шараның негізгі мақсаты жастар арасында этносаралық бейімділік пен толеранттылықты, мәдениетаралық түсінушілікті қалыптастыру болып табылады. Мектеп жұмысына Өскемен қаласының жоғарғы оқу орындарының командалары қатысты. “Біртектілік пен толеранттылық әлеуметтік феномен ретінде”,”Этносаралық толеранттылықтың қазақстандық үлгісі - қоғамдық келісіммен тұрақтылық бірлігі ретінде” және т.б тақырыптарда пікір алмасу жүргізілді. Оқыту бағдарламасы психологиялық тренингтер бойынша әлеуметтік толеранттылық және қабілеттерді дамыту кезеңдері бойынша іске асты.

 

Жоба қатысушылары пікір сайыстың ашықтығын, ресми емес қарым-қатынастар мен ұйымдастыру бөлімінің ерекшеліктерін, жұмыс кезіндегі бәсекелестік сезімінің орнын достықтың лебізі алмастырғанын атап өтті. Жұмыс топ бойынша өткізілді. Мұндағы қызықты пікірсайыстар мен талдауларға барлық мектеп қатысушылары белсене қатысты. Сонымен қатар қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар тапсырылды.

Атап айтқанда “ Жастар арасында толерантты мәдениаралық және диалог кеңістігін құру” жобасы толеранттық қарым-қатынастың жаңа кезеңін құрастырады. Бұл жас балалар үшін маңызды дәреже. Осы жастар, бүгінгі студенттер ертеңгі Қазақстанның толерантты қарым-қатынасындағы негізгі бағыттарын анықтап, жол көрсететін болады.

 

Кейін қарай