Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Қаңтар, 2017

1513

ЖАСТАР ДІН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін  «Достық үйі» ғимаратында Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс жастарының «Толерантты қарым-қатынасты және этносаралық өзара қатынастар мен конфессияаралық келiсiмдi қалыптастырудағы дәстүрлі діннің рөлі» атты тақырыпта жергілікті дін өкілдерімен кездесуі өтті. Аталған жиында Маңғыстау облысы мен «Бекет ата» мешіттерінің имамдары жастарға дін жолы мен оның қоғамдағы рөлі туралы ақпарат беріп, елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын айтып өтті.

«Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады», - дейді дін өкілдері.

Жастар имамдарға дін мәселесінде толғандырған сауалдарын қойып, сұхбат жүргізді.

Кейін қарай