06 Ақпан, 2017
1004
Жастар Елбасы Жолдауын талқылады
2017 жылдың 4 ақпанында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ жаңа ғимаратында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы бойынша жастар арасында талқылау өтті.
Жиынға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелері қатысты.
Аталмыш кездесудің басты мақсаты – жолдаудың еліміздің болашағы үшін маңыздылығын және оның мән-мағынасын тек экономикалық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар барлық салада, оның ішінде адами капитал сапасын да жақсартудағы мәнін ашу.
Іс-шараға қатысқан «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы Зайнуддин Махусеев жолдаудың маңызды аспектілерін атады. Ол сондай-ақ жаһандық міндеттерді іске асыруда жастардың рөліне де тоқталып өтті.
«Біз, «Ақ желкен» жастар лигасы Елбасы Жолдауын толығымен қолдаймыз. Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына Жолдауында бес басымдылықты жүзеге асырылуы еліміздің әлемнің 30 дамыған елдері қатарына қосылуына мүмкіндік беретініне сенімдімін. Еліміздің жаһандық дамуында жастар, оның ішінде жоғарғы оқу орындарының қабырғасында оқып жүргендер немесе қызметтегілер, жас кәсіпкерлер өз үлесімізді қосуға әрдайым дайынбыз!», - деді өз сөзінде жастар лигасының төрағасы.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылау барысында жастар лигасының өзге де мүшелері өз ойларымен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
ҚР Президенттік орталығы ғимаратында «Адал адам – адам еңбек» жастар форумы өтті
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды