Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Мамыр, 2016

1208

Жастар лигасы ашылды

Таяуда  «Достық –үйі қоғамдық келісім орталығында» ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы  жанынан ашылған жастар лигасының бірінші отырысы болып өтті. Аталмыш отырысқа жастар клубының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері,  ЖОО студенттері мен мектеп оқушылар қатысты.

Қатысушылар отырыс барысында ережені талқылап, Жастар лигасының төрайымын таңдау мәселесін қарады.  Бәрі бірауыздан С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 2 курс студенті, қалалық маслихаттың депутаты Миронова Юлия Вячеславовнаны таңдады.

Аталмыш іс-шараға ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының  жетекшісі Нұрғазиев Асқар Қисаұлы қатысып, ашылған Жастар лигасының  негізгі міндеттері мен мақсатын түсіндіре отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың саясаты туралы, жақында ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  XXIV сессиясында  қабылданған «Мәңгілік ел» патриоттық актісі төңірегінде сөз қозғады.

 

Кейін қарай