Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Наурыз, 2016

1065

Жастар лигасы сенбілікке шықты.

Ағымдағы жылдың  19 наурызында көне Тараздың Көшек батыр көшесінде орналасқан Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының маңында облыстық жастар сенбілігі өтті. Оны «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» патриоттық акциясының аясында ұйымдастырған облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және «Ақ желкен» жастар лигасы.  

Акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Наурыз мерекесінің аясында, қала көшелері мен саябақтарды көгалдандыру және абаттандыру, ағаш отырғызу, көне қаламыздың тұрғындарының, жастардың, этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталықтарының жастарының патриоттық сезімін, экологиялық сауаттылығын арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу мақсатында өтті.

Акцияға қала жастары мен этномәдени бірлестіктер жанындағы жастар орталықтарының мүшелері жұмылдырылып, олар айналаны көгалдандыруға, қала көшелерін қоқыстан арылтуға, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысты. Жылдағы дәстүр бойынша өткізілген сенбілік аясында автокөлік жолдарының бойы және ғимараттардың маңын күл-қоқыстардан тазартылды. 

«Қоршаған ортаны қорғау – қоғам міндеті. Бүгінгі сенбілікке қаламыздың барлық белсенді жастары, студенттер атсалысуда. Біздің мақсатымыз көне Тараз қаласында тазалық жұмыстарын жүргізу және қала тұрғындарын тазалыққа шақыру, - дейді этномәдени бірлестіктер жастарымен жұмыс жасау бөлімінің әдіскері Дарья Бурмакина.

Ахметов Алихан - «Ақ желкен» жастар лигасы төрағасының орынбасары, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі жастар қанатының төрағасының орынбасары:  - Мен осы қалада тұрады екенмін, яғни қаланың ластануына, егер мен өзімнен кейін жинастырып жүрмесем, менің де себепші болғаным. Сондықтан да жастар осыны түсініп, көне қаламызды тазалықта ұстау үшін барынша күш-жігерімізді жұмсауымыз керек.    

Абдувахапова Умида – «Ақ желкен» жастар лигасының мүшесі, өзбек этномәдени жастар қанатының белсендісі: Ең бастысы, біз осы жерде бірге жұмыс істей жүріп, өзара таныстық. Күнделікті өмірде де араласып, бірлескен іс-шаралар өткізуімізге болады. Яғни, қарым-қатынастарды қалыптастыруда сенбілік өткізудің пайдасы мол.

Сенбілікке шыққан жастар осындай ойлар айтты.

 

 

Кейін қарай