
29 Маусым, 2018
1401
«Жастар синергиясы – бірлік энергиясы» форумы
Бүгін Тәуелсіздік сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының ұйымдастыруымен «Жастар синергиясы — бірлік энергиясы» форумы өтті.
Форумға ҚХА Төрағасының орынбасары И. Салжанов, ҚХА, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, қолданбалы қолөнер шеберлері, стартап-жобалар авторлары, этномәдени бірлестіктер жастарының өкілдері, жастар үкіметтік емес ұйымдары, республиканың барлық өңірлерінен келген 200-ге жуық делегат қатысты.
Форумның ерекшелігі — жобаларын сәтті жүзеге асырған ел жастарының көпшілікпен тәжірибелерімен бөлісуі болды. «Табысты жобалар шеруі» алаңында қазіргі уақытта жобаларымен жұмыс істеп жатқан «Байсерке-Агро» агрохолдингі құрылтайшысының кеңесшісі К. Павлов заманауи ауылшарауашылығында органикалық өнімдерін өндіру жағдайындағы қолданылып жатқан инновациялар мен технолгияларымен, «Ауыл — мемлекет тірегі» презентациясымен жобаның құрушысы Д. Корепанов, «Жаңа шешім» білім қорының бас директоры В. Ким балаларға тіл үйретудің жаңа әдістемелерімен бөліссе, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы М. Бектұрғанов бионикалық протездердің жасалу тарихымен, табысқа жету жолындағы қиындықтар мен жетістік жолдарын табу әдісімен бөлісті.
Қатысушылар жоба авторларына жан-жақты сұрақ қойып, жарияланған тақырып кеңінен тарқатылды. Тәжірибелі мамандар «арманыңнан бас тартпа» деп, жастардың жүрегінде құлшыныс энергиясының тетігін басқандай әсер қалдырды. Тіпті ең мағыналы сұрақ қоюшыларға естелік сый тарту етілді.
Келесі кезекте форумның екінші алаңында «Business camp» шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізілді. Бизнеске үйрену жолдарымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы И. Сәлжанов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тақырыбында бағалы кеңестер беріп, тыңдаушыларға табыстың шыңына көтерілу бағытын, жолын көрсетті.
«Адамды кешенді дамыту академиясының» басшысы, кәсіпкер-инвестор В. Попов стартапта жетекшілік негізгі қайнар көзі, жетістіккке жетелейтін бағыттаушысы екендігін айтты.
Ал «Bolashak Engineering» компаниясын құрушы Ә. Мүтәлі бизнесті ең төменгі қаржы капиталмен қалай бастауға болады деген сұраққа өз еңбек тәжірибесімен бөлісу арқылы, қиын, оңай жақтарын таразы басына салып беріп, қатысушылардың ойына сан алуан идеялар қондырды.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.
Дата события ассамблеи: 29.06.2018
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
сегодня, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті