Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Маусым, 2018

1385

«Жастар синергиясы» форумы аясында үздік стартап жобалар анықталды

Форумның ерекшелігі — жобаларын сәтті жүзеге асырған ел жастарының көпшілікпен тәжірибелерімен бөлісуі болды. 

Форумның «Табысты жобалар шеруі» алаңында іске асырылған және асырылып жатқан жобалар таныстырылды,  «Business camp» алаңында белгілі кәсіпкерлер, ірі бизнес басшылары шеберлік сабақтарын өткізді.

«Синергия форумы Елбасының бастамасына сәйкес жастардың тың идеясы мен стартаптарын қолдау мақсатында ұйымдастырылуда. Бұның барлығы жастар мен олардың тың жобаларын жүзеге асыру мақсатында жүргізілуде. Себебі, үздік деп танылған стартап жобаларының авторлары өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады. Бастысы, шараның мақсаты жастарға жол ашу, басын қосу. Бұл өз кезегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуы дегенді білдіреді», - деді ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко.

«Жастар синергиясы» форумы аясында үздік деп танылған стартап жобалар:

«Бизнес және рухани қоғам» номинациясы Бауыржан Салықов, «Арман - болашақтың мектебі» жобасы;

«Болашаққа бағдар» номинациясы Тимур Рысбеков, «Maria system Ide» жобасы;

«Green Startap» номинациясы Айнұр Әбілтаева, «СҚО-дағы дәрілік өсімдіктер жиынтығы және Қазақстанның фармацевтикалық компаниялары үшін шикізат түрінде дайындау» жобасы;

«Ең креативті идея» номинациясы Диана Аралбаева, «Гофрокартон» жобасы;

«Туған жер» номинациясы Айдар Бексұлтанов, «Этноқұрылымдаушы» жобасы;

«Үкілі үміт» номинациясы Айбек Идаятов, Самал Мұхтарова, «Бізбен бірге оқимыз» жобасы.

Стартап жеңімпаздары мен қатысушылары  дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.  

Форум соңында қазақстандық эстрада әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Сондай-ақ, қонақтар үшін  EXPO-2017 Нұр Әлем, ҚР «Ұлттық әскери-патриоттық орталығы», «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, «Алланың гүлі» жаңа мешіті нысандарына экскурсия болды.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша assemblykz.2016@gmail.com мекен-жайына хабарласыңыз.

 

 

Дата события ассамблеи: 29.06.2018

Кейін қарай