Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Тамыз, 2016

1870

Жастардың би жарысы

Петропавл қаласының Қазақстан халқы ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» "Brooklyn" би мектебімен бірлесе отырып, Достық үйінің алдында  "Hip-Hop & Break-Dance BATTLE" жарысын өткізді.

Іс-шараның мақсаттары – жастар шығармашылығын қолдау, брейк-данс бойынша жастар командалары арасындағы достық және кәсіптік қарым-қатынасты нығайту; дарынды жастарды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық тұрғыдан өсуін іске асыру және олардың кәсіби деңгейін жетілдіру үшін жағдайлар жасау; салауатты өмір салтын насихаттау; жастардың би мәдениетін дамыту; балалар мен жастар арасында заманауи би бағыттарын дәріптеу және дамыту.

Би тартысына қаламыздың би мектептері мен студияларының түрлі жастағы тәрбиеленушілері қатысты. Көрермендер жарыс барысын қуана бақылады, ал үзілістерде викториналарға қатысып, «Аттракциондар әлеміне» тегін кіретін билеттер ұтып алды. «PETRO POWER» би мектебі ұлдарының жарқын өнері жиналған қауымға тосынсый болды. Соңында конкурс жеңімпаздарын және қатысушыларды грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапаттау болып, «Аттракциондар әлеміне» қайырымдылық билеттері табыс етілді.   

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі

Кейін қарай