
23 Қазан, 2020
5741
«Жастарды қоғамдық орындарда қазақша сөйлеуге шақырамын»
ҚХА ұйымдастыруымен Алматы қаласы Достық үйінде өткен «Ұлы Даланың ұлтаралық тілі» атты бірінші республикалық конгресінде Түркістан облыстық Корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Сабина Пак сөз сөйледі.
- Мен қаймағы бұзылмаған оңтүстік өңірінің тумасы, қазақ ұлтының болмысы мен мәдениеті өзіндік мәнге ие, татулығы тұрақты мекеннің төл перзентімін. Мен, біріншіден, қасиетті қазақ жерінде туылғаныма шексіз бақыттымын. Осынау бейбіт елде күн кешіп, қазақ тілінде таза сөйлегенім – мен үшін үлкен мақтаныш. Қазақ тілін еркін меңгеріп, Хәкім Абайды танығаным үшін, қазақ тілін білу арқылы оның қарасөздерін оқығаным үшін шексіз қуанамын. Қазақ тілінің шексіз құдіретін бала кезімізден сезініп өстік. Өйткені біз отбасымызда тек қазақ тілінде сөйлейміз. Абай өлеңдерін бауырларыммен бірге таласа, тармаса оқимыз.
Қазіргі таңда университетте де қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алудамын. Туған ағам Абайдың қара сөздерін жатқа айтады. Соның арқасында республикалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. «Өзімнің айнам – ағам» деп айта аламын. Біз үйде өзіміз Хәкім Абайдың сөздерін, оның ішінде отыз бірінші қара сөзін кәріс тіліне аудардық.
Өздері қазақ бола тұра, қазақша сөйлемейтін жастар мені қатты таңғалдырады. Олар не себепті мемлекеттік тілді кейінгі орынға қояды деп ойлаймын.
Менің келешекте қазақ тілінің кең қанат жаюы үшін ұсынысым, әрбір қазақ топырағын басып, ауасымен тыныстап, осы мекенде күн кешіп жүрген азамат тек қазақ тілінде таза мүдірмей, кедергісіз сөйлесе деймін. Егер де бізге қоғамдық ортада орыс немесе өзге тілде тіл қатса, тек қазақ тілінде ғана жауап беру арқылы қазақ тілінің болашағын жарқын ете аламыз. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан мол қазынасын кейінгі жасқа насихаттай аламыз. Осы арқылы бізге бабаларымыздан жеткен асыл мұраны ұлықтай аламыз дер едім.
Сөз соңында әрбір патриотшыл жасты қазақ тілін ардақтап, ана тілін құрметтеуге, қоғамдық орындарда тек қана қазақша сөйлеуге шақырамын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, қазақ тіліміз ғұмырлы болсын
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «Ассамблея жастары» төрағасы Т. Джумурбаевпен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ