Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Қазан, 2015

895

Жасыл ел- Елбасының бастамасы

2015 жылғы 14 қазанда Көкшетау қаласындағы Достық үйі ғимаратының жанында «Жасыл ел» бағдарламасының 10 жылдық мерекесіне орай «Жасыл ел- Елбасының бастамасы» акциясы өтті.

2015 жылғы 14 қазанда Көкшетау қаласындағы Достық үйі ғимаратының жанында «Жасыл ел» бағдарламасының 10 жылдық мерекесіне орай «Жасыл ел- Елбасының бастамасы» акциясы өтті.

Аталмыш акцияға Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылықтың басшысы Айна Мысырәлімова, ҚХА мүшелері, Қоғамдық келісім мекемесі мен этно-мәдени бірлестік өкілдері, қоғам белсенділері ерлі-зайыпты Киіковтер, Мұсылман әйелдер лигасының белсенділері, БАҚ қатысты.

Акция барысында облыстық жастар мен студенттік еңбек жасақтары штабының төрағасы Владимир Одинцов өз сөзінде: «Жасыл ел бағдарламасына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде Ақмола облысы бойынша 7285 адам жұмыс істеп, бір жарым миллион түп ағаш отырғызылды»,- деді.

Іс-шара барысында бірқатар белсенді студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

«Қоғамдық келісім»

КММ баспасөз қызметі

 

Кейін қарай