06 Маусым, 2016
1007
«ЖАЙЫҚ – УРАЛ - 2016» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯСЫ
2016 жылғы 3 маусым күні сағат Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде (галерея, 2-қабат) Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Жайық - Урал» халықаралық тарихи-мәдени экологиялық экспедициясының мерейтойлық басталуы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Жайық – Урал» экспедициясының ардагерлері мен қатысушылары, ғылыми және шығармашыл зиялы қауымның өкілдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында экспедицияның 20 жылдық тарихын қамтитын «Жайық – достық өзені» атты фотосурет көрмесі ұйымдастырылды.
Экспедицияның жиырма жылдық тарихы бар. Алғашқы экспедиция 1997 жылы жасалған болатын.
2001 жылдан бастап экспедицияның халықаралық мәртебесі бар. Экспедиция жыл сайын ресейлік тараппен бірге өткізіледі. Көп жылдар бойы экспедиция құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, саяси партиялардың, заң шығарушы мен атқарушы билік өкілдері, мамандар, эколог ғалымдар, өлкетанушылар, археологтар, тарихшылар, журналистер, студенттер мен оқушылар жұмыс істейді.
Экспедиция біздің өңірлеріміз үшін маңызды Жайық өзені байссейнінің экожүйесін, бай тарихи-мәдени құндылықтарды сақтап қалу проблемаларын, спортты, дене шынықтыруды, саламатты өмір салтын, патриоттық тәрбие беруді, ұрпақтар сабақтастығын, трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуды насихаттауды өз миссиясы ретінде айқындайды.
Осы жылдар ішінде экспедицияға қатысушылар тек Жайық өзені ғана емес, сондай-ақ Орал бассейніндегі Сакмара, Елек өзендері бойынша бірнеше мыңдаған шақырым жүзіп өткен; ауқымды зерттеу жұмыстары жүргізілген; кітаптар шығарылып, телевизиялық фильмдер түсірілген және т.б.жұмыстар жасалған.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
-
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
-
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10