15 Маусым, 2015
1546
«Жайық жарығы» ЖШС-да қоғамдық келісім кеңесі құрылды
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында «Жайық жарығы» ЖШС-да қоғамдық келісім кеңесінің құрылуына байланысты жиын өтті. Оған қала әкімі аппараты жанындағы ұлтаралық келісімді нығайту және дамыту бөлімінің басшысы Валентина Юртаева, «Жайық жарығы» ЖШС директорының орынбасары Тілек Мұханбетқалиев қатысты.
Аталмыш бөлім басшысы түрлі ұлт өкілдері қызмет ететін «Жайық жарығы» мекемесінде қоғамдық келісім кеңесінің құрылуы туралы былай деді. – Облыс бойынша қоғамдық келісім кеңестерінің саны 167 болса, қаланың өзінде жиырмадан астам қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-шы сессиясында қоғамдық келісім кеңесін құру туралы тапсырма берген болатын. Қоғамдық келісім кеңестерінің басты мақсаты - этносааралық толеранттылықты нығайта отырып ұжымдарда қызметкерлердің жағдайын жақсарту, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Айта кету керек, аталмыш мекеме 25 жылдан астам нарықта кызмет етуде, ұжымда 120 қызметкер – түрлі этнос өкілдері жұмыс жасайды. Шаһардағы барлық мерекелік іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлестері зор. Қала мен оның маңындағы елді мекендерді жарықтандыру, бағдаршамдар мен субұрқақтардың уақтылы жұмыс жасауын қадағалау бүл мекеменің басты міндеті болып келеді
Жұмысшылар жыл сайын арнайы киіммен және қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық көмекппен, сыйақымен қамтамасыз етіледі.. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз – 2014» байқауының орта және шағын кәсіпкерлік саласындағы «Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша алтын жүлдегер атанған мекеме әсем шаһарымызды жарықтандырып оданда әдемілендіруде.
Осындай ынтымағы жарасқан, түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан мекемеде қоғамдық келісім кеңесінің құрылуы өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, жұмысшы жастарды қолдау мәселелеріне септігін тигізетініне сенімдері мол.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ - сі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Астанада «Вайнах» қауымдастығының белсенділері марапатталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
сегодня, 15:02