01 Шілде, 2015
1448
Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Жастар арасындағы этносаралық қатынастар мәдениеті» тақырыбындағы бір апталық жазғы мектеп өз жұмысын бастады.

Жазғы мектептің жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессор-оқытушылар құрамы қатысуда..
Тыңдаушылар ретінде облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, жастар этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының мамандары шақырылған.

Жазғы мектеп шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында белгіленген мемлекеттік этносаясаттың міндеттері, оны іске асырудағы жастардың рөлі түсіндірілуде. Ұлттық бірлік пен біртектілікті қалыптастырудағы мемлекеттік жастар саясатының басымдықтары және жастар арасындағы толеранттылықты қалыптастырудың қазіргі технологияларының мәні талқылануда. Мектеп барысында этностық топтардың мәдениетін сақтап қалу мен дамыту және Қазақстан халқының бірлігін күшейту жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісу және пікір алмасу үшін пікірталас алаңдары ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, жазғы мектеп бағдарламасы аясында мәдени-ағарту іс-шаралары: қала ішінде экскурсиялар, деректі фильмдер тамашалау, әдебиет кештер және спорттық шаралар ұйымдастырылған.
Нұргуатова Толқын
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ-інің баспасөз хатшысы

Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» мен Өзбекстан Республикасының Жастар істері агенттігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды
-
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
9 Ақпан, 17:40
Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті
5 Ақпан, 17:24
Астанада ҚХА Аналар кеңесінің жаңа Конституция жобасына арналған республикалық дөңгелек үстелі өтті
9 Ақпан, 18:31
Астанада ҚХА Журналистер клубының конституциялық реформаны қолдауға арналған отырысы өтті
5 Ақпан, 18:45
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов ҚХА активімен кездесті
6 Ақпан, 18:55
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Қонаев қаласындағы Достық үйінде Алматы облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы активімен кездесті