
11 Мамыр, 2017
1329
Жеңіс Күні
2017 жылғы 9 мамырда Алматы қаласындағы 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы атап өтілді. Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, ҚХА хатшылығы мен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҰОС мен еңбек ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің қалалық бөлімшесінің, ҮЕҰ және саяси партиялардың өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ұлы Жеңіс жолында орасан зор құрбандықтар жасалғанын атап өтті. Халық саны 6 миллионнан асатын Қазақстан қан майданға өз азаматтарының 20%-ын аттандырды, солардың әрбір екіншісі сұрапыл соғыста қаза тапты.
«Соғыстың барлық майдандарында қазақстандықтар жаумен аянбай шайқасты. Бауыржан Момышұлының, Талғат Бигелдиновтың, Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Маметованың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың, Нүркен Әбдіровтың және мыңдаған басқа да қазақтандықтардың есімдері ұлы ерліктер тарихына алтын әріптермен жазылды. Біздің басты борышымыз – Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, өскелең ұрпақтың ашық аспан астында өмір сүруін қамтамасыз ету», - деді Алматы әкімі.
Бауыржан Байбек өзінің сөзінде майданға аттанған 1 млн. 200 мың қазақстандықтың 160 мыңнан астамы алматылық екендігін айтты. Ол жастардың ардагерлерді үнемі құрмет тұтуы тиіс екендігін баса айтты. Қазақстан мен біздің туған өлкеміздің қан майдандағы Жеңіске қосқан үлесі жастардың жадында мәңгі сақталуы керек.
«Елбасының сындарлы саясаты арқасында біздің еліміз бірлік пен тұрақтылықты, келісімді ту етіп, бейбіт аспан астында өмір сүруде. Діні мен тілі, ұлты бөлек әрбір қазақстандық ертеңгі күніне, болашағына үлкен сеніммен қарауда, тамырларын тереңге жайып, ұрпақ өсіруде. Мемлекет басшысы айтып өткендей, Қазақстан туралы сөз бола қалса, барлық елде қазақстандықтарға құрметпен қарайды. Өйткені, біздің ұранымыз - бейбітшілік. Жастар соғыс ардагерлерінің, батыр қазақстандықтардың, солардың ішінде алматылықтардың мәңгілік ерліктерін үнемі есте сақтаулары тиіс. Бұл біздің тарихымыздың бір бөлігі. Патриотизм рухы бәрімізді біріктіріп, ұлы ұлтымызды мықты етеді», -деп атап өтті Б.Байбек.
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
17 Маусым, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
17 Маусым, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
сегодня, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Жеңіс күнімен құттықтауы