11 Қыркүйек, 2017
1531
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН ТЕТІКТЕРІ
Елімізде Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту концепциясына сәйкес екі кезең бойынша жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Біріншісінде биліктің төменгі деңгейлерінде басқару жүйесі жақсартылса, екінші кезеңде жер-жерде өзін-өзі басқару саласы даму үстінде. Кейбір елді-мекендер ауыл тұрғындарының бюджет қаржысын қолдану мониторингіне қатысуы, жергілікті қаржы органдарында арнайы шот ашуы, аудандық коммуналды мүліктің бір бөлігін ауылдарға беру сынды жаңашылдықтарды қабылдап, іске асырып жүрсе, басқалары мұндай басқару жүйесіне енді келіп жатыр. Жамбыл облысында жергілікті өзін-өзі басқару қандай деңгейде екенін анықтап, тұрғындарды осы саланың қағидалары мен тетіктерімен таныстыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Достық үйінде семинар өтті. Іс-шараны ұйымдастырған облыстық «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігі. Семинарға Аналар кеңесі, Қоғамдық келісім кеңесі, өңірлік этномәдени бірлестік мүшелері, атқарушы орган қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен қала жастары қатысты.
Алғашқы сөзді Облыстық «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Людмила Корнилина алды. «Бүгінгі семинарды біз «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту бойынша кешенді іс-шаралар өткізу» жобасының аясында ұйымдастырып отырмыз. Менің ойымша, өзін-өзі басқарудың алар орны ерекше. Себебі, жиындар мен кездесулердің нәтижесінде билік басындағылардың шешіміне әсер етуге болады. Осы семинардан алған ақпарат алдағы уақытта сіздерге көп көмегін тигізер деген сенімдемін», - деп барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Жергілікті өзін-өзі басқарудың қағидалары мен тетіктері» семинары барысында заңгер, заң ғылымының магистрі Асқар Қадырқұлов «ҚР-дағы жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі ұғымдары мен құқықтық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Бұдан кейін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ әдістемелік бөлім басшысы Сәуле Құрманбекованың өңіріміздегі өзін-өзі басқарудың мәселелерін ортаға салды.
Жергілікті өзін-өзі басқару тақырыбы үнемі өзекті болып қала бермек. Сондықтан да семинарға қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Дата события ассамблеи: 11.09.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
-
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті
5 Қыркүйек, 22:32