
11 Ақпан, 2016
889
Жетім көрсең, жебей жүр !
Ақмола облысы Білім басқармасына қарайтын Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына облыстық Аналар кеңесінің мүшелері барып, қайырымдылық іс-шарасын өткізді.
Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдау, олардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін анықтағанға дейін қысқа мерзімде ұстау, бейімдеу және одан әрі орналастыру, сонымен қатар, арнаулы білім беретін ұйымдарға жіберілетін кәмелетке толмағандарды уақытша ұстауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кәмелетке толмағандар Орталыққа түскен кезде бірінші кезекте оларды қандас туыстарына орналастыру жұмыстары жүргізіледі. Содан кейін ғана мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда басқа отбасыларына орналастыру жұмыстары жүргізіледі.
Мекеме басшысы Қайрат Темірбаевтың айтуынша мекеме облыстық білім беру басқармасының қарамағына өткеніне бес жылдан асқан. Бүгінде бұл жерді 15-тен астам бала мекен етіп жатыр. «Әр баланың тағдыры әр түрлі. Бірінің әке-шешесі ішкілікке салынып кеткен. Бірі баласын көшеге тастап кеткен. Бұлардың барлығының статусы –қаңғыбас балалар. Тәрбиесі қиын балалар деп айтуға болады»,- деді өз сөзінде мекеме жетекшісі. Бүгінгі күні бұл жерде 15 бала бар. Олар 3 ай бойы мекемеде тұрады. Олармен арнайы психолог мамандар, педагогтар жұмыс істеп, баланың қоғамға бейімделіп кетуіне көмектеседі.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Киікова бастаған Людмила Лим, Майра Чжен, Рузанна Дегоян және Людмила Суховецкая Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы балалармен емен-жарқын араласып, олардың ойын тыңдап, аналық жылуын сыйлады. Балалар болса Ақмола облысының поляктар бірлестігінің жастар қанаты дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Қоғамдық бірлестік жетекшісінің орынбасары Людмила Суховецкая балаларға алып келген кітаптары мен тәтті сыйлықтарын таратты. Өз кезегінде Аналар кеңесінің мүшелеріне балалар да ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
«Қоғамдық келісім»
КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
-
ҚХА мен Қ. Жұбанов университеті Ақтөбе облысындағы қазіргі этникалық жағдай туралы бірлескен зерттеу жүргізеді
-
Сарыарқаның төрі, еліміздің индустриалдық жүрегі – Қарағанды облысы
-
Маңғыстауда «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
«Халық жүрегінің әуендері» атты бірлескен іс-шарасы өтті
-
Алматы облысында «Этносаралық қатынастарды реттеу кезіндегі медиацияны жүргізу негізі» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өтті
-
ҚХА мен Қ. Жұбанов университеті Ақтөбе облысындағы қазіргі этникалық жағдай туралы бірлескен зерттеу жүргізеді
-
Сарыарқаның төрі, еліміздің индустриалдық жүрегі – Қарағанды облысы
-
Маңғыстауда «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары марапатталды