30 Маусым, 2023
555
Жетісу облысында Тіл мектебінің салтанатты жабылу рәсімі өтті
2023 жылғы 30-маусымда Жетісу облысында Қазақстан Халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктеріне арналған Тіл мектебі жазғы лагерінің жабылу салтанаты өтті.
Естеріңізге сала кетсек, мемлекеттік тілді үйрену мақсатында ел аумағынан жиналған этномәдени бірлестіктердің жастар өкілдері ҚР АҚДМ "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған арнайы жобаға қатысқан болатын. Аталған жоба аясында барлығы 65 адам білімін жетілдірді.
Мемлекеттік тілді оқыту барысында сарапшылар қызықты ойындар мен еркін форматтағы пікірталастар арқылы оқушылардың тілге деген қызығушылығын оятып қана қоймай, оны өз беттерінше зерделеп, өзіндік сөйлеу мен жазу қабілеттерін дамытуға көмектесті.
Тіл мектебі аясында қатысушылар 5 күн бойы мемлекеттік тілді үйрену сабақтарынан бөлек, өңір тарихымен танысып, оның көрікті және киелі жерлеріне экскурсияларға барды. Сондай-ақ, шеберлік сабақтары, командалық квесттер, белсенді демалыс түрлерімен айналысты.
Тіл мектебінің бағдарламасы жастарға аздаған уақытқа смартфондар мен басқа да гаджеттерден алшақтап, денсаулықтарын нығайтып, коммуникативтік дағдылары мен командада жұмыс істеу қабілетін жақсартуға мүмкіндік берді.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Конституция және мемлекеттілік: құқық пен болашақ диалогы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
-
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
-
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
-
Астана қалалық Достық үйінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті
-
Жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылығымен кеңес өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
28 Тамыз, 10:20
Астанада «Жомарт жан» республикалық орталығының отырысы өтті
29 Тамыз, 12:37
Қызылордада «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты талқыланды
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
28 Тамыз, 19:29
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы Жаңбырбай Матаевпен кездесті