
19 Сәуір, 2016
929
Жезқазған қаласында Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің көшпелі мәжілісі өтті
15 сәуірде Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің көшпелі мәжілісі Жезқазған қаласында өтті. Аналар кеңесінің көшпелі мәжілісіне облыстық ҚХА Хатшылығының басшысы – Е.Құсайын, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары – З.Ақылбекова, Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы – С.Нұрмағанбетова, Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан және Ресей Жазушылар одағының мүшесі, ҚХА мүшесі, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының директоры – З.Чумакова, «Қазақстан-Қарағанды» облыстық телеарнасының бас редакторы – С.Батырханқызы, «Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы – М.Абдрахманова, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданы Аналар кеңестерінің мүшелері, сондай-ақ, мәдениет және өнер қайраткерлері, қоғамдық бірлестіктер мүшелері қатысты.
Мәжілістің жоғары мәртебелі қонағы – белгілі жазушы, этнограф, Кеңес Одағының батыры, аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының келіні, танымал жазушы, мәдениеттанушы – Зейнеп Ахметова болды.
Іс-шара Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында қонақтарды әсем күй «Сарыарқаның» әуенінде дәстүрлі шашумен қарсы алып, дәм-тұз ұсынудан басталды. Фольклорлық-этнографиялық «Ақ әжелер» ансамблінің қатысуымен «Қалыңдықты тойға дайындау» рәсімі, «Алтын бесік – ақ босаға» – халық даналығы мектебінде «Бесік жырының» шығу тарихы жиналғандар назарына көрсетілді.
Салт-дәстүрлерімізді ұлықтап, ана тілімізді ардақтап, ділімізді, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп жүрген абзал жандар – «Ақ әжелер» ансамблінің мүшелерінің орындауында «Бесік жыры» және «Ақ босаға» әндері шырқалды. Мұражайдың тарих және археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері Т.Өткелова іс-шара барысында барлық аналардың пірі, әйелдердің асқақ образы «Ұмай ана» монологын оқыды. Мұражай қызметкерлері Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының залдарына, Қазақ хандығы экспозициясына және «Бұланты шайқасы» диорамасына экскурсия жүргізді.
Әрі қарай іс-шара мұражайдың конференц-залында «Аналар кеңесі» отырысымен жалғасты. Іс-шара шеңберінде мұражай директоры, Жезқазған қаласы Аналар кеңесінің төрайымы Зинаида Чумакова атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Отырыстың күн тәртібіндегі мәселе қазіргі қоғамда балаларды тәрбиелеу, отбасының сақталуы сынды мәселелерді шешуде Аналар кеңесі рөлінің қаншалықты маңыз атқаратындығы, негізгі рөлі болды. Қатысушылар – жастар арасындағы суицид, оның пайда болу себептері, нашақорлық және балаларға қатысты зорлық-зомбылық, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы агрессивті мінез-құлық, т.б. мәселелер жайындағы сұрақтарға жауап іздеп көрді. Тастанды балалар және еріксіз орын алған жүктілік тақырыптары да қозғалды. Аналар кеңесінің болашақтағы жоспарлары, бірлесе іс-шаралар өткізу жайлы талқыланды.
Пікір алмасу барысында, өзге қалалар мен аудандар тарапынан Аналар кеңесінің жұмысын жандандыруда атқарылып жатқан игі істер аталды. Атап айтсақ, Сәтпаев қалалық Аналар кеңесінің бала сүйе алмай жүрген отбасыларға моральдық-психологиялық көмек көрсету қызметі ерекше үрдіске айналды. Ал Жезқазған қалалық Аналар кеңесі өз қызметіндегі жаңашылдықтармен бөлісті. «Ақ әжелер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мүшелері өткізетін тәрбие сабақтарындағы әйел данагөйлігі, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып ерекшеліктерін үйрену, халық шығармашылығына баулу – жастар тәрбиесінде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Отбасы мерекесі және батыр аналарды құрметтеу, «Қызы мен анасы» мектебі, «Барлығы махаббаттан басталады» жас жұбайлардың салтанатты шеруі, интернационалдық отбасылармен жұмыс – Жезқазған қаласындағы Аналар кеңесі қызметінің бір бөлігі ғана. Ашық диалогта қатысушылардың пікірі бірауыздан шықты. Жастар мәселелері, тастанды балалар мен жалғыз басты аналардың мәселелері, ең алдымен, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың және Аналар кеңесінің көмегіне сүйенетіні анық.
Зейнеп Ахметованың ұшқыр ойы, байқампаздығы мәжіліс қатысушыларына да ерекше жігер дарытты.
– Бір отбасыға келін түскенде, - деп бастады сөзін З.Ахметова, - оған менің «Шуақты күндер» атты кітабымды қолына ұстатып тұрып атасы: «Зейнеп Ахметова сияқты өз ісіңде ақыл мен адалдыққа арқа сүйе» депті. Жас келіншек кітапты парақтап отырып: «Жақсы, мен Зейнеп Ахметова сияқты болуға тырысамын, бірақ, Сізге онда Бауыржан Момышұлы болуға тура келеді» деп айтыпты. Баршаларыңыз, мені ақылды, талантты деп барлық мақтауды маған лайықты деп санайсыздар, мен бар болғаны байқампазбын. Менің айтып жүргендерім, жазып жүргендерім – дана әрі дара, әйгілі Бауыржан Момышұлының өшпес өсиеті, әңгімелері, - деді З. Ахметова.
Жастарды тәрбиелеу ісінде зор үлес қосып, өскелең ұрпақты дәстүрлі отбасылық құндылықтарға тартуда белсенді атсалысып жүрген «Ақ әжелер» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің мүшелеріне облыс әкімінің алғыс хатын облыстық ҚХА хатшылығының басшысы Е.Құсайын табыстады.
Жезқазған қаласы «Аналар кеңесінің» төрайымы Зинаида Чумакова – Зейнеп Ахметоваға мұражайдың атынан «Жанданған тарих іздері» кітабын, арнайы дайындалған кәдесый ұсынды.
Жезқазған қаласы Аналар кеңесі өңірдегі ауқымды шараларды атқарып келеді. Олардың ішіндегі тәрбиелік мәні зор «Қызы мен анасы», «Әке жолы – бала бағдары» жобалары. Бұл жобалар әулет дәстүрін жалғастыруға бағыттайды. Өскелең ұрпаққа жақсы тәлім-тәрбие беруде толыққанды отбасы айрықша әсер ететіні шындық. Сол себепті алдағы уақытта «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері – батыр аналарға құрмет көрсету жобасы бастау алмақ. Сондай-ақ, көпұлтты Қазақстанның жетістіктерін көрсететін тағы бір жоба әзірленіп жатыр. Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің қызметі әрі қарай жарасымды жалғасын таба бермек.
Қарағанды облысы әкімі аппаратының
"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі
тел., WhatsApp: +77024190203
e-mail: info@kelisim.kz
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
вчера, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
-
Петропавл қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті