
14 Ақпан, 2017
727
ЖЕЗҚАЗҒАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР ФОРУМЫ
13 ақпан күні Жезқазған бизнес және көлік колледжінің Қоғамдық келісім кеңесінің залында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық жастар форумының ашылу салтанаты өтті.
Форумға ҚХА мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттік парламент депутаттары, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының этномәдени бірлестіктерінің белсенді жастары қатысты.
Форумды Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бекзат Алтынбеков құттықтау сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Елбасы жастардың тәуелсіз мемлекеттің құрылуына зор үлесін қосатынын айтып, әрі облыстық ҚХА жанындағы «Шаңырақ» жастар ұйымының жұмысына тоқталды.
«Біздің басты мақсатымыз – өзіміздің ең жақсы ойларымызды еліміз үшін – Қазақстан Республикасы үшін іске асыру. Сондықтан біз бұл форумның өтуі әрі диалогтық алаңның құрылуы өңіріміздің белсенді этномәдени бірлестік жанындағы жастардың және тағы басқа ұйымдардың жұмысын көрсететініне сенеміз» -деді Бекзат Құмарұлы.
Сондай-ақ, іс-шараның ресми бөлімінде «Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директор орынбасары Жұпар Базарова, «Нұр Отан» партиясының Жезказған қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова, Жезқазған бизнес және көлік колледжінің директоры Светлана Жумкина және Қарағанды облыстық ҚХА жанындағы «Шаңырақ» жастар ұйымының жетекшісі Тимур Жұмырбаев сөз сөйледі.
Форум аясында қатысушылар мен қонақтарға Жезқазған медициналық колледжі, Достық және ұлттар мәдениеті үйінде экскурсиялар ұйымдастрылды. Сондай-ақ, этномәдени бірлестік жанындағы жастар қанатының көшбасшыларымен кездесу өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар қатысушылар қазақстандық жастардың жетістіктеріне тоқталды. Бұл күні олардың назарына «Это Жез!» әлеуметтік жобасы мен «Авангард науки» халықаралық ғылыми-тәжірибелік журналы ұсынылған болатын.
Ал Назарбаев интеллектуалды мектебінің оқушысы Карина Светкина Ұлытау ауданында этноауыл құруды қарастыратын туристік жоспарымен таныстырды. Бұл жоба туристерді қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне бірқадам жақындатады.
Иннополис «Сириус» білім орталығында қатысушыларға оқудың жаңа ойын-суықтық тәсілі ұсынылды. Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге бейімдеу әрі мәселенің бірыңғай шешімін табуға бағытталған.
Сонымен қатар «Жас инженер» курсының оқушылары өзінің робот дайындаудағы жетістіктерімен бөлісті.
Экскурсия кезінде «Нұр Отан» партиясының Жезказған қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Каженова бұл жобалардың келешекте қолдау табатынын айтты.
Өңіріміздің өндірістік саладағы ең танымал компаниялардың бірі - «ПИК Ютария LTD» ЖШС. Компанияның ең негізгі бағыты – ол металургиялық кешеннің жұмысына арналған киімді пішу, дайындау және тігу.
«ПИК Ютария LTD» ЖШС бас директоры орынбасарының айтуынша, бүгінгі күні өндірістегі қызметкерлердің қатары 17 ұлт өкілінен құралуда. Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың мамыр айында компания жанында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі ашылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
вчера, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
7 Шілде, 21:16
Орталық Азиядағы алғашқы ашық халықаралық жеңіл атлетика турнирі ALATAU 2025 өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді