Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қыркүйек, 2018

924

Жібек жолы: «Ортаазиялық шенген» құрылса, туристердің саны артпақ

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан таяу арада Silk viza деп аталатын «Орта Азия жібек жолын» құрмақ. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын.

Сарапшылардың пікірінше, Астана мен Тәшкент ұсынып отырған бұл жоспар интеграциялық стратегияның үлкен бөлшегі болмақ.   

Аталған Silk viza құру жұмысына Қырғызстан мен Тәжікстанның қосылуы да мүмкін. Бұл ұсынысты министр Арыстанбек Мұхамедиұлы Астанада өткен туристік форумда жасады.  

«Қазақстан мен Өзбекстан арасында аралық визаны құптау жұмыстары аяқталып келеді. Біздің көршілеріміз Қырғызстан мен Тәжікстан да бұған қызығушылық танытып отыр», — деді министр.

А. Мұхамедиұлының айтуынша, мемлекеттер өзара «ортаазиялық шенгенге» келіссе, бұл туристердің санын арттырмақ.

Астанада Орта Азияда визалық кедергіні тоқтату мәселесі бірнеше мәрте көтерілген. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қаупсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева шілде айында Өзбекстанға осы ұсыныспен шыққан болатын. Оның пікірінше, шекараның айқын және ашық болуы көптеген салаларда қарым-қатынас орнықтыруға септігін тигізеді.   

Қазақстанның бастамасы Өзбекстанда қолдау тауып, екі ел визасыз режимге ауысу туралы мәмілеге келуді талқылауды бастап кетті. Өзбекстанда алдағы жылдары Орта Азия елдерінің туристеріне бірыңғай виза беру жоспарланып отыр. 

Дата события ассамблеи: 19.09.2018

Кейін қарай