Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қаңтар, 2016

1471

ЖОБАНЫҢ БАСТАУ АЛУЫ

Ақтөбеде бастау алған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық  жобасы еліміздің барлық облыстарында жалғасын табады. Жоба барысында тәуелсіздік қабылданған сәттен қазіргі уақытқа дейінгі еліміздің дамуының барлық сатылары бейнеленген театрландырылған көрсетілім болып, оған 1000-нан астам адам қатысты.

Облыс әкімі Б.Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп: «1991 жылғы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. Жалпы аймақтық өнім көлемі тұрғындарының жан басына шаққанда 40 еседен астам, өнеркәсіп 1000 есе, негізгі қорға инвестиция көлемі 40 есе өсті. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 250 мың жаңа жұмыс орындарымен 950 жаңа кәсіпорын құрылды. Барлық осы жетістіктер — әрбір қазақстандықтың, оның ішінде әрбір ақтөбеліктің зор еңбегінің нәтижесі»,- деп атап көрсетті. Қаңтар-ақпан айларында облыстың барлық аудандарын аралап шығатын үгіт пойызына сәт сапар тіледі. Үгіт пойызының құрамында медицина қызметкерлері, заңгерлер, «Нұр Отан» партиясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері бар. Олар ауыл тұрғындарына қажетті медициналық, заңгерлік көмектерін береді, селода шағын және орта бизнесті құру бойынша кеңестерін ұсынады. Ақпараттық топтар мерекелік жылы Тәуелсіздіктің 25 жылдығының негізгі жетістіктерін түсіндіру үшін облыстың барлық аудандарында болмақшы.

Содан сөң тарихи күнге дейінгі «кері қарай есептеу» сәттері салтанатты түрде бастау алды. Шаңырақ бейнесі астында облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерінен «Достықтың гүлдестесі» пайда болды. Ақтөбе қаласындағы LED-экрандарда онлайн уақыт орнатылды. Салтанат мерекелік отшашумен аяқталды.

 

«Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ

 «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз қызметі   

Кейін қарай