26 Маусым, 2017
1233
Жолдауды түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ағымдағы жылдың қаңтар айында қазақстандықтарға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын түсіндіру жұмыстары жалғасып келеді. Осы мақсатта Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық топ, этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен БАҚ өкілдері 24 маусымда Достық үйінде бас қосты.
Кездесуді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова этносаралық қақтығыстардың шығу себептері мен алдын алу шаралары жайлы сөз қозғады. Көпшіліктің алаңдаушылығын тудырып отырған әлеуметтік желілердің кесірін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде БАҚ-тың маңыздылығына тоқталды.
Жиында сонымен қатар ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі мәселелерді түсіндіру жұмыстары бойынша «Дулатитану» орталығының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жанна Сейітқұлова, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, доцент Көлбаева Дина Дүйсебайқызы өз пікірлерін ортаға салды.
Кездесу соңында Қазақстан халқы ассамблеясының Жамбыл облысы бойынша ғылыми-сараптама топ пен этномәдени бірлестіктерінің басшылары пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
СҚО-да «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
Маңғыстау облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда
-
ҚХА «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда
-
Алматы қаласында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда
-
«Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн - семинар өтті
-
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
30 Тамыз, 08:00
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
4 Қыркүйек, 18:28
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
3 Қыркүйек, 10:15
Жаркентте Панфилов аудандық ҚХА филиалының I сессиясы өтті
4 Қыркүйек, 09:07
М. Әзілханов «Республикалық тәжік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы А. Исмаиловпен кездесті
3 Қыркүйек, 10:26
М. Әзілханов жеңіл атлетикадан «Masters» санатындағы әлем рекордшысы В. Жұмадиловпен кездесті