25 Қараша, 2014
967
Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру барысындағы, қоғамдық азаматтық институттарының қатысуы» атты конференциясы
2014 жылдың 6 қарашасында сағат 15:00 де, Алматы қаласы Гоголь көшесі 127/1 мекен жайы бойынша «Қазжол» қонақ үйінің конференц-залында «Елбасының «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру барысындағы,
қоғамдық азаматтық институттарының қатысуы» атты конференциясы өтті.Ұйымдастырушылары болып, «Азаматтық пікір орталығы» ҚБ Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырмасы бойынша, Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының секретариятымен бірлесе жасалынды.Конференцияның өткізу мақсаты: өткізілген ақпараттық-танымдық жұмыс пен ісшаралар бойынша қорытынды жасау. Болып жатқан әлеуметтік процестерде, қазақстандық социумның жаңашалануы процесіндегі Қоғамдық азаматтық институттарының рөлі мен ақпараттық-насихаттаушы топтардың нәтижелі жұмысына әдістеме жасау.
Конференцияны тарих ғылымдарының докторы, профессор Мажитов Саттар Фазылович ашты. Ұйымдастырушылардың атынан алғыс сөзімен Алматы қаласы ҚХА секретариятының жетекшісі Абдалиева Маргарита Абубакировна, Алматы қаласының Ішкі саясат басқармасының орынбасары Есенбеков Айдар Рахимжанович бастады. Конференция тақырыбын ашып, жалғастырған, Алматы қаласының маслихат депутаты, экономикалық ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Тұран» уинверситетінің ректоры, ҚР ЖОО Бірлестігінің президенті Алшанов Рахман Алшанович; Алматы қаласының ҚХА төрағасының орынбасары, ауған этномәдени бірлестігінің төрағасы Васток Ахмадулла; «Елбасының «Қазақстандық жол–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жобасының тәуелсіз эксперті » Братенков Александр Иванович; Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Кобеева Алтынай Орманкалиевна; ҚХА «Жарасым» РЖҰ төрағасы Ахметов Расул.
Конференция жұмысының барысында, маңызды тақырыптар ашылды: «Қазақстан-2050 жолдауын іске асыру жұмыстарының алғашқы қорытындылары», «Ақпараттық-насихаттаудың жұмыс формасы мен мазмұны,ерекшеліктері», « Қазақстандық жол-2050» Жолдауын орындаудағы маңызды қағидалары мен кезеңдері, «Елбасының Жолдауын насихаттаудағы ақпараттық-насихаттаушы топтардың нәтижелі жұмысына әдістемелік нұсқаулықтар», «Қоғамдық азаматтық институттар мен мемлекеттік органдардардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың Қазақстан Республикасының Президентінің жылдағы Жолдауларын ақпараттық-насихаттауына,қоғамдағы азаматтардың барлығын қамтуға бағытталған тиімді әрекетті жұмысқа көмек-септігін көрсететін жүйені ұйымдастыру». Конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылар осы тақырыптарға ұсыныс қабылдады.
Конференцияға қатысты : Алматы қаласының маслихат депутаттары, Мемлекеттік емес ұйымдар, Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-эксперттік тобының мүшелері, ҚХА Секретарияты, «Жарасым» РЖҰ, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
8 Тамыз, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
Ұқсас жаңалықтар
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті