
27 Маусым, 2016
1119
Журналистер арасында ұйымдастырылған «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы жария етілді
Достық үйінде Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» КММ-сі Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара ұйымдастырды, сонымен қатар журналистика саласында «Шаңырақ» шығармашылық конкурсының қорытындысы жария етілді.
Іс-шараның мақсаты - Ұлттық жоспарды, Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын іске асыру, этножурналистиканың, мәдениетаралық диалогтың дамуына, ұлттық бірлік пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға үлес қосқан журналистерді алғыс хаттармен марапаттау болып табылады.
Аталмыш конкурсқа қатысуға біздің өңірдегі 15 журналист өздерінің жұмыстарын ұсынды. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысы Қазақстан халқы бірлігі күні, Қазақстанның қоғамындағы этносаралық келісімді нығайту, облысымыздағы этномәдени бірлестіктер, ұлтаралық қатынастар туралы тақырыптарды қозғаған.
Маңғыстау облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі - Исмурзина Гүлжан Мақсұтқызы өзінің құттықтау сөзінде журналистерді құттықтап, оларға шығармашылық саласында табыс тіледі. Сонымен қатар журналистика саласының ардагері Долматов Петр Алексеевич, Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің бас редакторы Балғожаева Гүлмира Куатқызы, РҚБ Ақтау филиалының «Қазақстан кәрістері қауымдастығының» төрайымы Маденова Раиса Ивановна, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Жайылханова Амангүл Әбдіғалиқызы құттықтау сөздерін білдірді.
Байқауға қатысушылар Маңғыстау облысының әкімі Айдарбаев Алик Серікұлы атынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара соңында этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
МОӘА «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ШҚО-да ҚХА Журналистер клубының ІІІ көшпелі отырысы өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
Ұқсас жаңалықтар
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ӨҢІРЛІК КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
«Folk & Art Performance» жастар шығармашылық жобасы өтті
-
Маңғыстау облысында ҚХА 30 жылдығы аясында шығармашылық ұжымдардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңі өтті
-
ШҚО-да ҚХА Журналистер клубының ІІІ көшпелі отырысы өтті