18 Сәуір, 2022
564
Журналистер клубының кездесуі өтті
Маңғыстау облысының Достық үйінде «Жаңа Қазақстанға – жаңа көзқараспен» тақырыбында журналистер клубының кездесуі өтті.

Отырысқа өңірдің БАҚ өкілдері, Ш. Есенов атындағы университет студенттері, Ассамблея жастары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Жиынды МО ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Аманкүл Джайлханова ашып, БАҚ өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы жедел және шынайы ақпарат бергені үшін алғысын білдірді.

– БАҚ мүмкіндіктерін маңғыстаулықтарды, әсіресе жастарды патриоттыққа, азаматтық бірлікке, рухани-мәдени ортақтыққа тәрбиелеуде кеңінен пайдалану; қоғамдағы толеранттылықты, өзара сыйластықты, мейірімділікті және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті нығайту қажет, – деді Аманкүл Әбдіғалиқызы.
Сонымен қатар күн тәртібінде Маңғыстау облысы журналистер клубының төрағасын сайлау және жаңа құрамының жұмысын жандандыру, 2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарын талқылау және ҚХА қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.
БАҚ өкілдерін этносаясат мәселелерін жариялау бойынша үздік журналистік жұмысқа «Шаңырақ» облыстық байқауына қатысуға шақырды. Маңғыстау облысында «Шаңырақ» байқауы бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай жыл сайын өткізіліп келеді. Үздік жұмыстар жыл соңында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауға қатысу үшін беріледі.
Кездесу соңында жаңа төраға сайланып, журналистер клубы мүшелерінің жаңартылған құрамы анықталды. «Журналистер клубының» төрағасы облыстық «Огни Мангистау» саяси газетінің тілшісі Олеся Умерзакова болып сайланды.
________________________________
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА 30 жылдығына және Ш. Айтматовтың 97 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық конференция өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті
-
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойлық жылының қорытындыларына арналған Республикалық форум өтті
-
Қарағандыда «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» облыстық форумы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» Республикалық форумы өтті
-
Баку қаласында АӨСШК-ның Жастар кеңесінің 8-отырысы өтті