16 Наурыз, 2017
873
Журналистер мен сарапшылар клубының жиыны
Ағымдағы жылдың 14 наурызында Талғар аудандық кітапханасында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының көшпелі жиыны өтті.
Мақсаты: өңірдегі, облыстағы этносаралық қатынастар саласын, достық, бірлік жайын кеңінен насихаттау жұмысын ілгерілету.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі Мемлекеттік стратегиялық бағдарламаны жүзеге асырудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбындағы көшпелі жиынға облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы О.Жақиянов, қоғам қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Осман, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық «Элефтерия» гректер қоғамының төрағасы Г.Иорданиди, облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі, Республикалық «Қазақстан - Корея» достық қоғамы облыстық филиалының төрайымы К.Хан, облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Ш.Асиев, облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы А.Ахметова, Балқаш, Ұйғыр, Панфилов, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Іле, Жамбыл, Қарасай, Талғар аудандары мен Қапшағай қаласы газеттерінің бас редакторлары мен тілшілері, ішкі саясат бөлім басшылары, Қоғамдық келісім кеңесі, этномәдени бірлестіктер төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Жиынды облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Т.Қасымберкебаев ашып, жүргізді.
Тақырыпқа орай жетекші журналистер клубының төрағасы, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы А.Идигов, Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшесі, «Элефтерия» гректер қоғамының төрағасы Г.Иорданиди, Еңбекшіқазақ аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің редакторы Х.Ахметжанов, Ұйғыр аудандық «Іле шұғыласы» газетінің редакторы А.Аблизов баяндама жасады.
Жиын соңы еркін пікір алмасу алаңына жалғасты.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
4 Шілде, 18:04
ҚХА Ведомствоаралық ғылыми-сараптамалық құрылымының алғашқы отырысы өтті
4 Шілде, 14:19
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
6 Шілде, 11:50
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
6 Шілде, 09:06