15 Сәуір, 2021
619
Жылы жүздесу
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова облыстағы 11 этномәдени бірлестіктің жетекшілерімен кездесті.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова: «Қасиетті Сыр өңірінде «бейбітшілік», «тыныштық», «тұрақтылық» деген маңызды ұғымдарды қалыптастыруда толымды істердің атқарылғанын айта аламыз. Бұл игі істерде Сіздердің үлестеріңіз зор», - дей келе бірлестік жетекшілеріне өңірдегі Ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытындағы тілек, пікірлерін білдіруді ұсынды.
Кездесу аясында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков жыл басынан бері атқарылған нәтижелі жұмыстарға тоқталып өтті.
Алғашқы ұсынысын білдірген облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова ұлттық костюмдермен қамту мәселесін қозғады. Ал «Қазақстан корейлер қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким И. Әбдікәрімов атындағы аграрлы техникалық колледжін 20 жыл басқарған Алексей Цойдың аты колледждегі бір бөлімшеге берілсе деген ұсынысын ортаға салды. Облыстық татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина Достық үйінің базасында дыбыс студиясымен қамтамасыз ету, қазақ эстрадасының жұлдызы болған жерлесіміз, әнші Батырхан Шөкенов тұрған көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жұмыстары мен естелік тақта орнатылса деген ойларымен бөлісті.
Басқарма басшысы айтылған ұсыныстар барлығы кезең-кезеңімен шешімін табатынын және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда, өңірдегі достық пен бейбітшілік бірлігін нығайтуда бірлесіп жүйелі жұмыс жасалатындығын ортаға салды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА-ның ізгі дәстүрі: жаңа оқу жылына арналған сый
-
Қызылордада Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» атты кездесу өтті
-
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық жылының ашылуы өтті
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті