15 Наурыз, 2016
1552
«Жыр алыбы Жамбыл» атты сұхбаттасу іс-шарасы
2016 жылы 11 наурыз күні Алматы облыстық «Бірлік» жастар қауымдастығы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған «Жыр алыбы Жамбыл» атты сұхбат алаңын ұйымдастырды.
Сұхбат алаңына танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері, тарихшылар, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлар өкілдері, Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары және «Бірлік» жастар қауымдастығының белсенділері қатысты.
М.Тынышбаев атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» тақырыбында көрме дайындады. Көрмеге ақынның көзі тірісінде қолданған жеке бұйымдары қойылды.
Сұхбат алаңын ұйымдастырудағы мақсат – Жамбыл Жабаевтың қазақ және әлемдік әдебиетке қосқан үлесін тереңірек зерделеп, өскелең ұрпаққа әдеби мұра арқылы отансүйгіштік тәрбие беру, ақынның өзге тілдерге аударылған шығармаларын кеңінен насихаттау еді.
Жиынды «Бірлік» жастар қауымдастығының атқарушы директоры Н. Белик ашып, өз сөзінде жыр алыбы Жамбыл туралы айтып өтті.
Кездесуге қатысқандар Жамбыл Жабаевтың өмірімен және шығармашылығымен тереңірек танысып, өзара пікірлесті.
Мәдени- көпшілік іс-шараны өткізуге Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық М.Тынышбаев атындағы музей қолдау көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
-
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды
-
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
-
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
-
«Ассамблея жастары» делегациясы Өзбекстандағы халықаралық іс-шараларға қатысты
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
-
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
сегодня, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
сегодня, 12:22