Қазақстан халқы Ассамблеясы

29 Қазан, 2015

1262

«Жывем у сям'і адзінай»

Беларус халқы тамыры тереңге кететін өзіндік тұрмыстық мәдениетімен ерекшеленеді. Славян халықтарын қоныстандыру кезінде белорус мәдениеті қалыптасты, байыды. Беларустардың арғы аталары өз бойына поляк, литва, украин, орыс және еврей мәдениетінің көптеген қасиеттерін жинақтаған. 

Беларус халқы тамыры тереңге кететін өзіндік тұрмыстық мәдениетімен ерекшеленеді. Славян халықтарын қоныстандыру кезінде белорус мәдениеті қалыптасты, байыды. Беларустардың арғы аталары өз бойына поляк, литва, украин, орыс және еврей мәдениетінің көптеген қасиеттерін жинақтаған.

Беларустар өздерінің кеңпейілдігімен, қонақжайлығымен, еңбекқорлығымен ұлттық мәдениетіне шынайы құрметімен және салт-дәстүрін сақтауымен белгілі.

Солтүстік Қазақстан облысында 6 мыңға жуық белорустар тұрады. Барлық солтүстікқазақстандықтарға Сергей Чепурко, Михаил Романовский, Лидия Бриль, Валентина Волчкевич, Тамара Ткаченко сынды есімдер танымал болып табылады.

2015 жылғы 29 қазанда Достық үйінің акт залында «Радзіма» белорус мәдени орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Жывем у сям'і адзінай» («Живем в семье единой») беларус мәдениетінің фестивалі болып өтті.

Биылғы фестиваль қазақ халқының, поляк, орыс, украин этностары өкілдерінің қатысуымен ерекшеленді.

Бұл ұлттардың қатысуы кездейсоқ емес, өйткені, белорус тарихы барысында, беларус мәдениетінің қалыптасуына үлкен әсер еткен осы топтар болды. «Коперник» облыстық поляк орталығының мүшесі Лидия Синдицкая көрермендерге поляк тілінде «Отан туралы» керемет патриоттық өлең жолдарын сыйға тартты, украин орталығының ардагері Лидия Хамрачева орыс және украин тілінде әндер орындады, ал «Звонница» орыс және казак халық әндерінің хоры, жан тербететін орыс халық әндерін орындады.

Қызылжар ауданының Архангелка ауылынан келген қонақтар бүтін бір музыкалық бөлім дайындапты - репертуарларында соғыс жылдарындағы әндер мен «Творчы вернісаж» («Творческий вернисаж»), «Калі ласка» хорының орындауындағы әндер, беларус халық билері бар,.

Фестивальдің қорытынды нөмірі «Алуа» халық би ансамблінің орындауындағы «Хоровод дружбы» болды. Мұнда, қазақстандықтардың бейбітшілік пен келісімде, бұзылмайтын достықтың нышанындай болып, бидің бір шеңберінде қазақтар, орыстар, украиндықтар және немістер, беларустар және азербайжандар, поляктар және татарлар дөңгелене айналып би биледі.

Бұл фестиваль Қызылжар ауданының «Калі ласка» беларус орталығы үшін де есте сақталатын болады, өйткені биылғы жылы олар өзінің 10 жылдығын атап өтті. Атаулы мерейтойларымен оларды «Радзіма» облыстық беларус мәдениет орталығы құттықтады, «Молсервис» ЖШС директоры Сергей Дмитриевич Чепурконың қолдау көрсетуінің арқасында, оларға сыйлық ретінде музыкалық орталық – караоке сыйға тартылды.

Барлық музыкалық нөмірлер жарқын және әр түрлі. Беларус мәдениетін, оның мүмкіндіктерін, оның бай әлемін көрсетті.

Зал артистерді жылы лебіздерімен қарсы алып, ду қол шапалақпен шығарып салып отырды.

Барлық қатысушылар үшін беларус тілінде халық шығармашылығының колөнер және әдеби көрмелері, сондай-ақ «Күнбе-күн» фото көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында «Радзіма» беларус мәдени орталығының төрағасы Мария Татаренко барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті.

Фестиваль беларус мәдениетіне немқұрайлы қарамайтын 200 адамды Достық үйінің шаңырағы астына жинап, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының аясында өтті.

Нақты бұл естелік күн, көрермен жүрегіне көп ұлтты Отанымыз - Қазақстан Республикасына деген, барлық этностардың бүгінгі күні тілін, мәдениеті мен тарихын зерттеуге, даму және жетілуге, сондай-ақ біртұтас Қазақстан қоғамының бір бөлігі болу мүмкіндігі бар саясаты үшін Президент – Нұрсұлтан Назарбаевқа деген патриотизм мен мақтаныш сезімін ұялатты.

Кейін қарай