06 Тамыз, 2015
998
Әзіл әлеміне саяхат
Тамыздың 6-сы күні «Достық» концерт залы әзіл әлеміне саяхат жасауға ниетті көрермендерге лық толды.
Тамыздың 6-сы күні «Достық» концерт залы әзіл әлеміне саяхат жасауға ниетті көрермендерге лық толды. Бұл күні Ингуш Республикасының Назрань қаласынан арнайы келген «Г1алг1ай сакъердам» (ингуш әзілі) атты шығармашылық ұжымның музыкалық-комедиялық қойылымы көрсетілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы болып «Павлодар облыстық шешен-ингуш мәдениет орталығы» қоғамдық бірлестігі атанды.
«Г1алг1ай сакъердам» ұжымының қойылымы қызықты әрі көңілді болды. Әзілдің, көңілді әндердің және миниатюралардың жомарт шашуы көрермендердің көңілінен шығып, әр номер сайын көрермендердің ду қол шапалағына ие болды. Сахна төріндегі комедиялық образдар мен әртістердің шеберлігі бірінші минуттардан-ақ көрермендердің назарын баурап алды.
Отандастарының ана тілдерінде айтқан әндері, олардың шығыс халқына тән өзін сахнада ұстау мәнерлері, кавказдықтардың қызуқандылығын көрсететін нөмірлер көрермендердің жандарын жадыратты. Жас павлодарлық вайнахтар да сахнаға жүгіріп шығып, көл бетінде қалқығандай тізіле билеген бойжеткен қыздардың көзіне түсіп қалуға тырысты.
«Павлодарлықтардың алдына шығып өнер көрсету маған өте ұнады. Әзілдерімізді тек шешен мен ингуштар ғана емес, тілімізді түсінбесе де, басқа этномәдени бірлестіктердің мүшелері өте жақсы қабылдады. Ең бастысы барлық көрермендерге ақжарқын көңіл-күй сыйлай алдық» - деп концерт соңында Муса Бекханович Чахкиев өз әсерімен бөлісті.
Ал шығармашылық ұжымның жетекшісі Айсет Иссаевна Шанхоева болашақта ұжым гастрольдық сапары аясында Павлодарға қайта келетінін тілге тиек етті. Ендеше, алда тағы да әсерлі кездесулер, әдемі ән кештері болады деген сөз.
Павлодар облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
медиа қамту бөлімі
Ұқсас жаңалықтар
-
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М. Әзілханов Израиль Кнессетінің спикері Амир Оханамен кездесті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары М.Әзілханов В.Тенмен кездесті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:22
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚХА өкілдері Ұлытаудағы жаңа өндіріс орнына барды