11 Шілде, 2017
1019
Әзірбайжан мәдениетінің күні
Павлодар қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағында «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивалі аясында облыстық әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен әзірбайжан мәдениеті күні өтті. Фестиваль қонақтарының арасында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен қатысушылары және қала тұрғындары болды.
Облыстық «Ватан» әзірбайжан этномәдени бірлестігі өз жұмысы барысында этносаралық қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға үлкен үлесін қосып келеді. Сонымен қатар, әзірбайжан халқы – өз дәстүрлерін жақсы сақтап, оларға зор құрметпен қарайтын этностың бірі. Қазіргі таңда сақталған дәстүрлердің көптеген түрі бар. Олар баланың дүниеге келуімен, жастардың шаңырақ құруымен, басқа да көптеген дәстүрлі мерекелермен жалғаса береді. Іс-шара барысында ұйымдастырушылар өмірдің ажырамас бөлігіне айналған салт-дәстүрлерге ерекше тоқтап, әзірбайжан халқының ерекше қонақжайлығын көрсете алды.
Осы салтанатты күнімен барлық қатысушыларды хатшылық меңгерушісі, облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Жетпісбаев Сейсембай Қалижанұлы құттықтап, «Ватан» этномәдени бірлестігінің жеткен жетістіктерін атап өтті. Ал этномәдени бірлестіктің төрағасы Махмудов Джафар Джафарұлы белсенді қатысушыларды алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Бұл күні этномәдени бірлестіктің өнерпаздары мереке қонақтарына қызықты бағдарлама ұсынды. Өздерінің әсем әндерімен және билерімен орталықтың «Дәніз» вокалдық ансамблі, «Одлар Юрду» хореографиялық ұжымы, Қ.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары көрермендерді қуанта білді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың ҚР Конституциясы күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
-
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күнімен құттықтауы
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Мемлекет басшысы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
-
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті
27 Тамыз, 15:17
Павлодарда «Ассамблея Шәмшінің әндерін шырқайды» атты музыкалық кеш өтті
26 Тамыз, 15:41
«Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы ЮНЕСКО-ның халықаралық бағдарламасына қатысады
25 Тамыз, 18:49
Жамбыл облысында Аналар кеңесінің отырысы өтті
25 Тамыз, 15:35
ҚХА Төрағасының орынбасары домбырашы Әлібек Қайырбекпен кездесті
25 Тамыз, 21:37
ҚХА Төрағасының орынбасары «KD Solution» компаниясының басшыларымен кездесті