Қазақстан халқы Ассамблеясы

2015 жылдың ҚХА Ғылыми-Сарапшылық Кеңесінің отырысы

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 140 бұйрығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 31 т. орындалуы туралы

АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Ассамблеяның қамқорлығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің  2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 140 бұйрығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) 31 т сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі қызметін қамтамасыз ету туралы келесі ақпараттарды хабарлайды:

2015 жылдың 13 мамырында ҚР Ұлттық кітапханасының ҚХА залында Қазақстан халқы Ассамблесы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл отырыс аясында ҚР Парламент Мәжілісінің Депутаты, ҚР Парламент Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, ҚР Президенті жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссияның төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблесы Кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдар докторы, профессор Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлының  «Елбасы және Қазақ мемлекеттігі» атты кітаптың тұсаукесері өтіп, көпшілік пікірсарапқа ұсынылды.

Кеңестің жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесі, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.

Отырыстың барысында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері «ҚХА 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталды.

2015 жылғы 25 маусымда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Конституция залында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңеске Президент Әкімшілігінің, министрліктердің, ведомствалардың өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өңірлік ғылыми-сараптамалық топтардың басшылары, Қазақстандағы ЖОО-дағы толеранттылық және ҚХА кафедраларының меңгерушілері, «Қоғамдық келісім» КММ аналитикалық қызметтерінің басшылары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыста мемлекет құрылысын «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – 100 нақты қадам Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» төртінші институционалдық реформасын іске асырудағы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің міндеттері қаралды, қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер, ҚХА жылын ғылыми-сарапшылық қолдаудың барысы және басқа да ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды. 

Мемлекеттік хатшы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері жүргізіп отырған жұмыстың маңызына тоқтала отырып, Ассамблея ғылыми қауымдастығының «Болашағы біртұтас ұлт» төртінші институционалдық реформасын іске асыру аясындағы міндеттерін атап көрсетті. Азаматтық қағидаттары негізінде қазақстандық біртектілікті дамыту мен нығайту, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Күн тәртібінде «Бірегейлік және бірлік» бағыты бойынша мемлекетті қалыптастырудағы 100 нақты қадам – Ұлттық жоспарын іске асыру аясында ҚХА ҒСК атқаратын міндеттері қаралды. Осыған сәйкес, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры, ҚХА ҒСК төраға орынбасары Е.Б. Сыдықов, ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры, ҚХА ҒСК төраға орынбасары З.К. Шаукенова баяндама жасады.

Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік хатшысының 2014 жылғы 17 маусымдағы ҚХА ҒСК кеңейтілген отырысында (№ 35-7.5 Хаттама)  ҚР Білім және ғылым министрлігіне берген тапсырмасын іске асыру бойынша және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы ғылыми зерттеулер жөнінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы С. Жолдасбаев, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, ҚХА ҒСК мүшесі Ш. Әмірбеков және «Новые решения» білім беру қоры» компаниясының бас директоры, ҚХА мүшесі В. Ким баяндама жасады.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблесы жылын ғылыми-сараптамалық қолдау барысы туралы «BISAMCentralAsia» бизнес-ақпарат, әлеуметтік және маркетингтік зерттеулер орталығының бас директоры, ҚХА ҒСК мүшесі Л.Я. Гуревич және С. Торайғыров атындағы ПМУ этносаралық және конфессияаралық үдерістерді зерттеудің Өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры Н.С. Тышқановпен ұсынылған  баяндама тыңдалды.

Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесіне және басқа да құрылымдарға бірқатар тапсырмалар берілді.

Отырысты  қорытындылау барысында ҚХА ҒСК құрамына 9 адамның кандидатурасы енгізіліп, ғылыми-сарапшылық кеңесінің 9 мүшесін «ҚХА 20 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.

Іс-шараға 31 БАҚ аккредитациядан өтті. Нәтижесінде 20 БАҚ-та (Этно БАҚ, баспа, радио, интернет-ресурстар) ақпарат жарияланды.

 

Возврат к списку