АҚПАРАТТЫҚ ЖОБА
«Shańyraq» номинациясы - Жастар жылы аясында іске асырылған бастамалар мен жобаларды ақпараттық ілгерілету, оның ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қызметін әлеуметтік желілерде танымал ету жөніндегі үздік жобаға конкурс.
Жарияланымдар өткізілетін іс-шаралар, жетістіктер, қызықты бастамалар мен жаңалықтар туралы ақпаратты қамтуы тиіс; азаматтық ұстанымды көрсетуі, позитивпен қуатталуы және түпнұсқалылығымен ерекшеленуі тиіс.
Жарияланымдар тақырыпқа сәйкес келетін фотосуретпен немесе бейнесюжетпен сүйемелденуі тиіс.
Жарияланымдарды бағалау кезінде екпін мәтіннің мазмұнына, оның көркемдік-стилистикалық құндылығына, сондай-ақ әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қамту деңгейіне және қызығушылығына бөлінеді.
Материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жариялануы мүмкін.
Жарияланымдар Instagram немесе Facebook әлеуметтік желілерінде орналастырылуы тиіс.
Байқауға қатысушы міндетті түрде #jangyrujoly #dangylzhol хэштегтерін көрсету арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аккаунттарын (ҚХА – assembly.kz; РЖҚ - @jangyrujoly) белгілеуі қажет.
Байқау қорытындысы лайктар, пікірлер мен перепостар санын ескере отырып, байқау комиссиясымен шығарылады, жарияланымдар стилистика, көркемдік құралдар мен композициялар тұрғысынан сарапшылар тарапынан қаралады.
Конкурстық комиссия #jangyrujoly #dangylzhol хэштегтерін көрсету арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аккаунттарын (ҚХА – assembly.kz; РЖҚ - @jangyrujoly) белгілеген 2019 жылдың 1 наурыздан 1 қарашаға дейін жарияланған жарияланымдарды қарайды. Бұл ретте әрбір қатысушының аккаунты конкурсты өткізудің барлық уақытында ашық болуы тиіс, сондай-ақ жасалған жарияланым конкурс аяқталған сәтке дейін қатысушының таспасында қалуы тиіс.
21 Қыркүйек, 08:53
Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды
21 Қыркүйек, 08:50
Қазақстан өзбектері қауымдастығы «Дустлик» ассоциациясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтті
20 Қыркүйек, 08:43
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
24 Қыркүйек, 23:18
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары
23 Қыркүйек, 18:59
ШҚО-да бірінші республикалық Достық үйлері Конгресі өтті