Ахметов Әділ Ахметұлы
Мегаөзгерістер заманындағы Қазақстан
Бүгінгі таңда тарихи уақыттың адам айтқысыз жылдамдықпен жылжып келе жатқаны – дау туғызбайтын шындық. Бұл, әсіресе, ақпарат-коммуникация технологияларының өте тез әрі үздіксіз жаңаруынан айқын сезілуде. Бұл құбылыс революциялық сипатқа ие биотехнология, информатика және нанотехнология синтезінен туындап жатқан соны ғылыми нәтижелерден де байқалып отыр. Бұл үрдіс, сонымен қатар, алғашқы индустриялық революциялардың қозғаушы күші болған көмір мен будың біртіндеп ығысып, алдымен мұнай мен газға, одан соң атом қуатына, енді міне, көкжиектен құлағы қылтия бастаған үшінші индустриялық революцияның энергия иіріміне айнала бастаған балама қуат көздеріне орын бере бастағанынан да анық көрініп тұр. Сосын қайта қалпына келетін әрі тек қоршаған ортадан ғана өндірілетін таза энергия қорларының мүлде жаңа технологиялық деңгейде өндіріліп, жаңаша сақталып, алыс-жақын аймақтарға о баста данышпан Никола Тесла ойлап тапқан аса тиімді онлайн тәсілімен тасымалдану мүмкіндігі де бүгінгі адамзат санасына қона бастады.
Өз кезегінде аталмыш құбылыстардың геосаясатқа да, мемлекетаралық қарым-қатынастар мен нарықтарға да, сол сияқты азаматтық қоғамдардың жаңаша қалыптасып, жаңаша дамуына да тікелей әсер ете бастағаны күмән тудырмайды. Өйткені мегаөзгерістер толқыны қазірдің өзінде-ақ айқын сыр беріп, планета тынысының болашақ болмысын болжайтын футурист-философтарды да, физиктерді де, экологтар мен биологтарды да, макроэкономистер мен микроэкономистерді де, мемлекет тізгінін ұстаған саясаткерлерді де жаппай ойландыра бастағаны шындықтан алыс емес.
Өзге мемлекеттер секілді дамудың тұрақты жолын таңдаған біздің жас мемлекетіміз де жоғарыда аталған мегаөзгерістер ағынынан тыс қалып отырған жоқ. Он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген қазақ ойшылы Ыбырай Алтынсарин армандаған қиял-ғажайып дүниелер бүгінгі Еліміздің күнделікті болмысына қалай тез еніп кеткенін де байқамай қалдық. Тастан сарай да салдырып, айшылық алыс жерлерден жылдам хабар да алғызып, сәйгүлік тұлпарларды автокөлік пен ұшақтар, хат пен хабарды SMS, телефон стансалары мен почта қызметін ұялы телефондар, сия мен қаламды компьютерлер, кітапханаларды интернет-порталдар, баспаханаларды принтерлер, кинотеатрларды телевизор мен видеотекалар алмастырып отырғанына да етіміз әлдеқашан үйреніп кетті. Оны былай қойғанда, бүгінде тұтынушылардың қолында жүрген алақандай ғана айфондар мен планшеттер бүкіл ақпарат-коммуникация технологияларының көмегімен іске асырылатын қызмет түрлерін түгел атқаратын әмбебап құралға айналып кеткені де үйреншікті жай болып қалды.
Мұның сыртында “Google”, “Yahoo”, “Baidu”, “Bing” және “Yandex” секілді ақпарат іздеу жүйелерінің көмегімен кез-келген ізденуші бүкіл адамзат өркениетінің рухани құндылықтарының ғаламтор желілерінде жинақталған ұшан-теңіз қоймаларына сүңгіп кетіп, ғылым мен білімнің, өнер мен ілімнің әр саласына қатысты ұғымдар мен терминдердің кез-келгенін қас-қағым сәтте суырып алып, керегіне жаратып жатыр. Демек, бүгінгі болмыстағы «жоқ» деген ұғым біржолата келмеске кетіп, бүкіләлемдік ақпарат мұхитынан сусындау күллі адамзаттың шексіз игілігіне айналып отыр. Мәселен, Google іздеу жүйесінің бір өзі ғана ай сайын 41 миллиард 345 миллионнан астам тұтынушының сұраныстарын тіркеп, оларды лезде өңдеп, осы саладағы әлем нарығының 62,4% қанағаттандырады екен.
Бүгінгі таңда қалыптасып отырған әлемдік геосаясат картасынан біздің еліміз де шет қалып отырған жоқ. Тәуелсіздік тізгініне ие болған қысқа мерзім ішінде Қазақстан әуел баста қолбайлау болған экономикалық қиындықтарды артқа тастап, дамудың тұрақты жолына түсіп қана қоймай, бұл күнде бүкіл планетаға танылып, әлемдегі экономикасы тез дамып келе жатқан санаулы мемлекеттердің санатына қосылды.
Алайда тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында біздің Елімізге қызыға да қызғана қарап, сұқтанғандар аз болған жоқ. Олай деуге толық негіз бар. Мысалы, ұлан-байтақ жерімізді көрші елдің бауыр етіне балаған көршілес елдің «данышпан жазушысын» да өз құлағымызбен естігеніміз бар. Сосын жиырма бірінші ғасырдың саяси-экономикалық картасы мен геосаяси болмысына қатысты өткен ғасырдың соңғы онжылдығы мен үстіміздегі ғасырдың бастапқы кезеңінде қалыптаса бастаған батыс әлемі саясаткерлерінің футуристік сараптамалар топтамасынан біздің елдің келешегіне тікелей қатысы бар алыпқашпа мәліметтердің жария етілуі де пікіріміздің негізсіз емес екенін дәләлдей түседі.
Мәселен, сәуегей философ Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысы» («The Clash of Civilizations») атты мақаласы алғаш рет 1993 жылы жарық көрсе де, оның жеке кітапқа жүк болған толық нұсқасы Батыстың кітап сөрелеріне 1996 жылы түсе бастаған-ды. Аталмыш еңбегінде С.Хантингтон өркениетаралық шиеленістер мен қақтығыстардың міндетті түрде орын алатынын өз көзімен көріп, қолымен ұстаған балгердей уағыздап, әлгі қақтығыстардың себептерін әлем болмысындағы идеологиялық алшақтықтар мен экономикалық айырмашылықтардан іздеуден гөрі діндердің, оның ішінде, әсіресе, ислам дінінің «өзегіне өрілген сын-қатерлерден» табуға тырысқаны қайран қалдырады. Сосын әлгі пікірді автор гипотеза ретінде емес, керісінше, батыс әлемінің жаһандық мүдделерін негіздеуге лайықты, біржолата дәлелденген әмбебап теория ретінде ұсынады.
Сәуегей ғалым, сонымен қатар, болашақ геосаяси биліктің көпполюсті болатынын тілге тиек ете отырып, экономикалық басымдықтар мен әскери күш-қуаттың болашақта Батыс әлемінен Шығыс әлеміне қарай ойысатынын көлденең тартады және, ең бастысы, бүгінгі мұсылман әлеміне тән демографиялық дүмпуді әлемге қауіп төндіретін негізгі сын-қатер деп түйіндейді.
Сондықтан да болар, бұл күнде демократиялық құндылықтарды желеу етіп, дінаралық шиеленістерді қасақана қоздырып, жасанды өртпен мұсылман әлемін бөлшектеуге тырысып жүрген қаныпезер топтар әлгі «теорияны» таптырмас іргетас немесе бүркенші дәйек ретінде ашық малданып отырғаны жасырын емес.
Бұл тұрғыдан келгенде, С.Хантингтон жалғыз емес. Мысалы, әлемдегі ең алпауыт елдің сыртқы саясат көшбасшыларының бірі емес, бірегейі әрі кезінде антикоммунизм стратегиясының негізін қалаған Збигнев Бзежинский 1997, 2004, 2007 жылдары аралығында жарыққа шыққан «Ұлы шахмат тақтасы», «Екінші мүмкіндік», «Таңдау» (Zbigniew Brzezinski. «The Grand Chessboard», «The Choice», «Second Chance») атты алпауыт елдің жаһандық мүддесі тұрғысынан жазылған еңбектерінде жоғарыда аталған теорияны одан бетер өрбітіп, әлемдік геосаясаттың ендігі алаңының таяу болашақта Еуразия құрлығы болатынына титтей де күмән келтірмейді. Сәуегей саясаткердің «Ұлы шахмат тақтасы» деген еңбегінің атауына мән берген оқырман әлгі метафоралық теңеуде де терең астар жатқанын бірден ұғады. Себебі кітап авторы планета бетіндегі ең алып кеңістік болып саналатын Еуразияны алпауыт АҚШ-тың геосаяси жүлдесі деп, тайға таңба басқандай, кесіп айтады. Демек, жүлдеге баланған Еуразияға таяу болашақта кім иелік ететініне З.Бзежинский титтей де күмән келтірмейтін сияқты және бұл пікірін ешбір бүкпесіз айтудан да тайсалмайды.
Сосын «Ұлы шахмат тақтасындағы» шаршы алаңдардың бірінің «Еуразииялық Балқандар» немесе «Этникалық қайшылықтардың қазаны» деген қос айдармен айшықталуында да жымысқы астар жатқанын түсіну қиын емес. Өйткені «бояушы-бояушы десе, сақалын бояйды» демекші, әлгі «қазанға» сәуегей автор өзінің кітабы жарық көрген кезде егемендігін алғанына алты-ақ жыл толған біздің жас мемлекетімізді де тоғытып жіберген. Ол ол ма, азуын айға білеген «көріпкел» ту сыртымыздан тон пішіп, өткен ғасырдың соңында Балқандағы Югославияны бөлшектеген этносаралық өрттің келесі ошағының біздің Ел болатынына да бал ашып қойған. Ал шындап келгенде, Югославиядағы трагедияның басты себебі әлгі елден мүлде жырақта жатқан сыртқы геосаяси күштердің мүдделерінен туындаған арандатушылықтың қанқұйлы салдары екенін бұл күнде бүкіл адамзат анық біледі.
Осындайда бабаларымыздан жеткен «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» дейтін терең түйінді нақыл еріксіз ойға оралады. Өйткені әлгі нақылдың өзегінде тағдыр тәлкегінің салдарынан мың өліп, мың тірілген халқымыздың болашақ ұрпақтарын сақтыққа үндейтін аманат-өсиеті жатқаны күмән тудырмайды.
Міне, дәл осы тарихи тағлым тұрғысынан келетін болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық толеранттыққа бағытталған сындарлы ішкі саясаты мен көпвекторлы сыртқы саясатының алыс-жақын шетелдердің сәуегей «бақсы-балгерлерінің» аузымен қасақана төндіріп отырған сын-қатерлері мен жат пиғылдарының жолын кесіп, оларға тегеурінді тосқауыл болатын мегажобаларының толассыз әрі үлкен табандылықпен іске асырылып келе жатқанына ерекше мән берген жөн.
Бірден атап айту керек, 1991 жылы халқымыздың маңдайына бақ болып қонған Егемендік пен бүгінгі таңдағы Еліміз бен ұлан-байтақ Жеріміздің тұтастығын сақтап қалудың бірден-бір кепілі әрі, сол кездердегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, Елбасы қолға алған мегажобалардың алғашқысы да, айбындысы да Астана болғаны дау туғызбайтын шындық. Еліміздің жүрегі мен күретамырына айналған Сарыарқа төсіндегі Астана бүгінгі таңда әр азаматымыздың ат байлайтын алтын қазығы ғана емес, сонымен қатар, бүкіләлемдік мәні бар, ірі-ірі халықаралық форумдар өтетін алып үнқатысу алаңына айналып отыр.
Көпэтносты мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігінің мызғымас кепіліне айналған Қазақстан Халық Ассамблеясы да Елбасының жасампаз мегажобаларының бірегейі. Өйткені конституциялық статусы бар әрі этносаралық татулық пен толеранттықтың символына айналған бұл жоба – бүгінгі таңда өз Еліміздің ғана құндылығы емес, сонымен қатар әлемнің көпэтносты өзге мемлекеттері де үлгі тұтатын өміршең институт. Сондықтан да келесі жылдың Қазақстан Халық Ассамблеясы мен Коституция жылы болып жариялануын сол іргетас құндылықтарға берілген әділ баға деу әбден лайық.
Еліміз бен Елбасының бүкіләлемдік мәні бар ірі жобаларының тағы бірі – Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі. 2003 жылдан бастап, әр үш жыл сайын үзбей өткізіліп келе жатқан бұл шара әлемдегі бейбітшілік пен конфессияаралық татулықты ұлықтайтын тұрақты үнқатысу алаңына айналып, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке сүбелі үлес қосып отырған ірі халықаралық институт статусына ие болды. Жылдар өткен сайын бұл форумның бұғанасы беки түсіп, қабырғасы қатайып, абыройы артып келеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан кезінде толық қолдау тауып, бүгінде іргелі халықаралық ұйым болуға сәл-ақ қалып тұрған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі де о баста Елбасының төл ұсынысынан туындап, бүгінде тек Қазақстанның мүддесінен ғана емес, әлемдік үдеден де шығатын халықаралық форумдардың біріне айналды. Сырт көз сыншы демекші, аузы дуалы шетел саясаткерлері бұл кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Азиядағы баламасы деп жүр. Айтса, айтқандай-ақ көпжақты осы халықаралық бірлікке мүше 26 мемлекеттің халқы мен географиялық көлемі тұрғысынан келетін болсақ, әлемдік және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қауһарлы да беделді ұйымдардың ең ірісі осы форум болмақ. Бүгінгі таңда бұған ешбір күмән жоқ.
Жуырда ғана Астанада үлкен абыроймен түйінделген Елбасының жиырма жыл бойы тер төккен, әлемдік мәнге ие интеграциялық жобаларының бірі емес, бірегейі – Еуразиялық экономикалық одақ дүниеге келді. Бұл одақтың бастапқы идеясын да Елбасы 1994 жылы Мәскеудің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде жария еткен болатын. Енді міне, араға жиырма жыл салып, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің үкіметтері мен эксперттері ғана емес, президенттерінің де соншама жыл бойы толассыз жүргізген үшжақты кездесулері мен сараптамалық келіссөздерінің нәтижесі тиянақталды. Үш елдің егемендігі мен территориялық тұтастығына қылау түсірмейтін, таза экономикалық мүдделерді ғана көздейтін, тарихи келісімшартқа негізінделген Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Ең бастысы, бұл Одақтың ережелері мен шарттары Дүниежүзілік Сауда Ұйымының қағидаларына да сай келеді. Демек, ол қағидалар үш елдің де бұрыннан калыптасып қалған екіжақты немесе көпвекторлы экономикалық байланыстарына ешбір қайшы келмейді және мұның нақты дәлелдерін алыстан іздеудің де қажеті жоқ.
Мәселен, Елбасының бастамасымен табанды іске асырылып келе жатқан ауқымды жобалардың бірі әрі бүгінгі таңда дәстүрлі халықаралық үнқатысу алаңына айналып, еуразиялық Давос атанып үлгерген Астана экономикалық форумының аясында Қазақстан жыл сайын бірнеше шетелмен инвестициялық келісімдерге қол жеткізіп келеді. Немесе жақында ғана Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Елбасы бірнеше трансұлттық корпорациялар мен әлемдік қаржы институттарының жетекшілерімен кездесіп, қомақты инвестициялық уағдаластықтарға қол жеткізді. Демек, Қазақстанның екіжақты немесе көпжақты экономикалық байланыстары бұдан былай да жалғаса беретініне еш тосқауыл жоқ.
Бұл айтылғанның нақты дәлелдерінің тағы бір көрінісі – кезінде Елбасының бастамасымен өмірге келген Түркітілдес Мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі. Үстіміздегі жылы Түркияның Бодрум қаласында өткен Кеңестің төртінші саммитіне Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Түрікменстан мемлекеттерінің президенттері белсене ат салысып, экономикаға пайдасы мол туризм тақырыбын күн тәртібінің өзекті мәселесі ретінде талқылады. Осы Кеңестің құрамдас бөлігі болып табылатын ТүркПА, ТҮРКСОЙ, Түркі Академиясы және Ақсақалдар Кеңесі де белсенді жұмыс атқарып отыр. Келесі жылы Астанада өтетін бесінші саммиттің күн тәртібі де анықталды. Елбасы ұсынған нысаналы тақырып түркітілдес мемлекеттердің ортақ ақпарат кеңістігін қалыптастыруға бағышталмақ. Ең бастысы, Елбасы бұл Кеңестің де толыққанды халықаралық ұйымға айналатынына шүбә келтірмейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылы халыққа жариялаған Жолдауы да Еліміздің 21-ғасырдың бірінші жартысының соңына дейінгі тұрақты дамуына бағытталған алып жобалардың бірегейі. Енді міне, сол стратегиялық саяси-экономикалық және әлеуметтік мәні бар ұзақ мерзімді қамтитын жол картасының аясында қыруар шаралар толассыз іске асырылып жатыр. Олардың ішіндегі ең сүбелісі де өзектісі – Елімізді жаппай индустрияландыруға бағытталған мемлекеттік инновациялық бағдарламаның екінші бесжылдығы мен сол бесжылдықтың өзегіне өрілген Астанада өтетін әлемнің болашақ энергия көздеріне бағышталған «EXPO – 2017 Future Energy» көрмесі.
Қорыта айтқанда, жоғарыда тілге тиек болған Еліміз бен Елбасы жобаларының қай-қайсысы да әлемдік мегаөзгерістер заманындағы Қазақстанның 21-ғасырдағы сын-қатерлерге төтеп беріп, әлемнің оза дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуін қамтамасыз ететін, сындарлы ішкі-сыртқы саясат пен экономикалық прагматизмге негізделген нысаналы бағдарламалар екені күмән келтірмейді және олар кезең-кезеңімен сәтті іске асырылып та жатыр.
Әрине, аталған мегажобалар мен нысаналы бағдарламалардың кейбірі Еліміздің ішкі ресурстарымен қатар шетел инвестицияларын да қажет ететіні түсінікті. Сондықтан, осы қажеттілікті ескере отырып, Елбасы үстіміздегі жылдың маусым айында Бурабайда өткен Шетел инвесторларының кеңесінде Еліміздің инвестициялық климатын күрт жақсартатын әрі инвесторларды өте ынталандыратын жаңа заңға қол қойды. Бұл заңға салықтармен қатар жұмыс күші мен лицензияларға қатысты бұрын-соңды болмаған ұзақмерзімді жеңілдіктер беретін арнайы баптар енгізілді және Қазақстанмен экономикалық байланыстары мықты жолға қойылған 10 инвестор мемлекеттің азаматтарына Елімізге визасыз емін-еркін енуге мүмкіндік беретін жаңа бап та қоса енгізілді. Президенттің бұл қадамы Кеңестің жұмысына қатысқан шетелдік ірі бизнес өкілдерінің тарапынан қызу қолдау тапты.
Ғасырға татыр 25 жыл
25 жылдық тарихи тағлым тұрғысынан келетін болсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық сыйластыққа бағытталған сындарлы ішкі саясаты мен көпвекторлы сыртқы саясаты үлкен табандылықпен толассыз іске асырылып келе жатқан мегажобаларға толы.
Бірден атап айту керек, 1991 жылы халқымыздың маңдайына бақ болып қонған Егемендік пен бүгінгі таңдағы Еліміз бен ұлан-байтақ Жеріміздің тұтастығын сақтап қалудың бірден-бір кепілі де, әрі сол кездердегі экономикалық қиындықтарға қарамастан, Елбасы қолға алған мегажобалардың алғашқысы да, айбындысы да ел астанасының туын Сарыарқа төсіне әкеліп тіккені дау туғызбайтын шындық. Еліміздің жүрегі мен күретамырына айналған Астана бүгінгі таңда әр азаматымыздың ат байлайтын алтын қазығы ғана емес, сонымен қатар, бүкіләлемдік мәні бар, ірі-ірі халықаралық форумдардар мен іргелі жиындар өтетін және бір миллионнан аса тұрғыны бар мегаполиске айналып отыр.
Көпэтносты мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігінің мызғымас кепіліне айналған Қазақстан Халық Ассамблеясы да Елбасының жасампаз мегажобаларының бірегейі. Өйткені конституциялық статусы бар әрі этносаралық татулық пен сыйластықтың символына айналған бұл жоба - бүгінгі таңда өз Еліміздің ғана құндылығы емес, сонымен қатар әлемнің көпэтносты өзге мемлекеттері де үлгі тұтатын өміршең институт. Мұның бірден-бір дәлелі ретінде үстіміздегі жылы 4 қазанда Германияның Конрад Аденауэр атындағы қорының Қазақстандағы Өкілдігінің Алматы қаласында «Азаматтық және этникалық топтар – жалпыұлттық бірлік пен бейбіт-қатар өмір сүрудің стратегиясы» атты халықаралық форумды Қазақстан Халық Ассамблеясымен бірлесе өткізгенін айтсақ да жеткілікті. Сонымен қатар, аталған шара – бұрын біздің елге демократиялық құндылықтарды үйрету үшін келетін Батыс Әлемінің эмиссарлары бүгінгі таңда сондай құндылықтарды Қазақстаннан үйрену үшін келетін болғанын дәлелдеп тұр.
Еліміз бен Елбасының бүкіләлемдік мәні бар мегажобаларының және бірі - Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезі. 2003 жылдан бастап, бүгінгі таңда бес рет өткен бұл шара әлемдегі бейбітшілік пен конфессияаралық татулықты ұлықтайтын тұрақты үнқатысу алаңына айналып, әлемдік және аймақтық қауіпсіздікке сүбелі үлес қосып отырған ірі халықаралық институт статусына ие болды. Жылдар өткен сайын бұл форумның бұғанасы беки түсіп, қабырғасы қатайып, абыройы артып келеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарапынан кезінде толық қолдау тауып, бүгінде іргелі халықаралық ұйым болуға сәл-ақ қалып тұрған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі де о баста Елбасының төл ұсынысынан туындап, бүгінде тек Қазақстанның мүддесінен ғана емес, әлемдік үдеден шығатын халықаралық форумдардың біріне айналды. Сырт көз сыншы демекші, аузы дуалы шетел саясаткерлері бұл Кеңесті Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Азиядағы баламасы деп жүр. Айтса, айтқандай-ақ, көпжақты осы халықаралық бірлікке мүше 26 мемлекеттің халқы мен географиялық көлемі тұрғысынан келетін болсақ, әлемдік және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қауһарлы да беделді ұйымдардың ең ірісі осы форум болмақ. Бүгінгі таңда бұған ешбір күмән жоқ.
Осыдан екі-үш жыл бұрын ғана Астанада үлкен абыроймен түйінделген Елбасының жиырма жыл бойы тер төккен, әлемдік мәнге ие интеграциялық жобаларының бірі емес, бірегейі - Еуразиялық экономикалық одақ дүниеге келді. Бұл Одақтың бастапқы идеясын да Елбасы 1994 жылы Мәскеудің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде жария еткен болатын. Енді міне, араға жиырма жыл салып, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің үкіметтері мен эксперттері ғана емес, президенттерінің да соншама жыл бойы толассыз жүргізген үшжақты кездесулері мен сараптамалық келіссөздерінің нәтижесі тиянақталды. Үш елдің егемендігі мен территориялық тұтастығына қылау түсірмейтін, таза экономикалық мүдделерді ғана көздейтін, тарихи келісімшартқа негізінделген Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Ең бастысы, бұл Одақтың ережелері мен шарттары Дүниежүзілік Сауда Ұйымының қағидаларына да сай келеді. Демек, ол қағидалар үш елдің де бұрыннан қалыптасып қалған екіжақты немесе көпвекторлы экономикалық байланыстарына ешбір қайшы келмейді және мұның нақты дәлелдерін алыстан іздеудің де қажеті жоқ.
Мәселен, Елбасының бастамасымен табанды іске асырылып келе жатқан ауқымды жобалардың және бірі әрі бүгінгі таңда дәстүрлі халықаралық үнқатысу алаңына айналып, еуразиялық Давос атанып үлгерген Астана экономикалық форумының аясында Қазақстан жыл сайын бірнеше шетелмен инвестициялық келісімдерге қол жеткізіп келеді. Немесе осыдан екі жыл бұрын Бурабайда өткен Шетелдік инвесторлар кеңесі аясында Елбасы бірнеше трансұлттық корпорациялар мен әлемдік қаржы институттарының жетекшілерімен кездесіп, қомақты инвестициялық уағдаластықтарға қол жеткізді. Демек, Қазақстанның екіжақты немесе көпжақты экономикалық байланыстары бұдан былай да ешбір кедергісіз жалғаса беретініне күмән жоқ.
Бұл айтылғанның нақты дәлелдерінің және бір көрінісі - кезінде Елбасының бастамасымен өмірге келген Түркітілдес Мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі. Түркияның Бодрум қаласында өткен Кеңестің төртінші саммитіне Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Түрікменстан мемлекеттерінің президенттері белсене атсалысып, экономикаға пайдасы мол туризм тақырыбын күнтәртібінің өзекті мәселесі ретінде талқылады. Осы Кеңестің құрамдас бөлігі болып табылатын ТүрікПА, Түріксой, Халақаралық Түркі Академиясы және Ақсақалдар Кеңесі де белсенді жұмыс атқарып отыр. Өткен жылы бұл кеңестің бесінші Саммиті Астанада өтсе, алтыншы Самитті Қырғызстанда өтпекші. Елбасы ұсынған нысаналы тақырып түркітілдес мемлекеттердің ортақ ақпарат кеңістігін қалыптасуға жақын. Ең бастысы, Елбасы бұл Кеңестің де толыққанды халықаралық ұйымға айналатыны шүбә келтірмейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан – 2050” стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты 2012 жылы халыққа жариялаған Жолдауы да Еліміздің 21- ғасырдың бірінші жартысының соңына дейінгі тұрақты дамуына бағытталған алып жобалардың бірегейі. Енді міне, сол стратегиялық саяси-экономикалық және әлеуметтік мәні бар ұзақ мерзімді жол картасының аясында қыруар шаралар толассыз іске асырылып жатыр. Олардың ішіндегі ең сүбелісі де өзектісі - Елімізді жаппай индустрияландыруға бағытталған мемлекеттік үдемелі инновациялық бағдарламасының екінші бесжылдығы мен сол бесжылдықтың өзегіне өрілген Астанада өткен әлемнің болашақ энергия көздеріне бағышталған “EXPO – 2017 Future Energy” көрмесі.
Қорыта айтқанда, жоғарыда тілге тиек болған Еліміз бен Елбасы жобаларының қай-қайсысы да әлемдік мегаөзгерістер заманындағы Қазақстанның 21-ғасырдағы сын-қатерлерге төтеп беріп, әлемнің оза дамығаң 30 мемлекетінің қатарына енуін қамтамасыз ететін, сындарлы ішкі-сыртқы саясат пен экономикалық прагматизмге негізделген нысаналы бағдарламалар екені күмән келтірмейді және олар кезең-кезеңімен сәтті іске асырылып та жатыр.
Әрине, аталған мегажобалар мен нысаналы бағдарламалардың кейбірі Еліміздің ішкі ресурстарымен қатар шетел инвестицияларын да қажет ететіні түсінікті. Сондықтан, осы қажеттілікті ескере отырып, Елбасы 2014 жылдың маусым айында Бурабайда өткен Шетел инвесторларының кеңесінде Еліміздің инвестициялық климатын күрт жақсартатын әрі инвесторларды ынталандыратын жаңа заңға қол қойды. Бұл заңға салықтармен қатар жұмыс күші мен лицензияларға қатысты бұрын-соңды болмаған ұзақ мерзімді жеңілдіктер беретін арнайы баптар енгізілді және Қазақстанмен экономикалық байланыстары мықты жолға қойылған жиырмаға тарта инвестор мемлекеттердің азаматтарына Елімізге визасыз, яғни емін-еркін енуге мүмкіндік беретін жаңа бап та қоса енгізілді. Президенттің бұл қадамы Кеңестің жұмысына қатысқан шетелдік ірі бизнес өкілдерінің тарапынан да, өз еліміздің азаматтары тарапынан да қызу қолдау тапты.
Сөз соңында, АҚШ астанасы Вашингтон қаласында өткен антиядролық төртінші Саммитте Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған “XXI Ғасыр. Соғыссыз Әлем” атты Манифесінің де бүкіләлемдік мәні бар “G-Global” секілді іргелі жоба екені дау туғызбайды. Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем көшбасшыларының ең шоқтығы биік G-19 және G-20 форумдарына екі жыл қатар шақырылуы да бір ғасырға тең 25 жыл ішінде Қазақстан жеткен биіктердің нақты дәлелдері.
1 Мамыр, 16:02
Астанада республикалық «Бірлік жүгірісі» өтті
30 Сәуір, 21:13
«Халық әуендері» ноталар жинағының тұсаукесері өтті
1 Мамыр, 12:42
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
1 Мамыр, 12:29
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы